Журнал туралы

«MUSEUM.KZ» – музейтану, музей ісі, мәдени мұра нысандарын қорғау, тарих, деректану, археология, нумизматика, этнология, өнертану, мәдениеттану және мәдениет тарихының өзекті мәселелеріне арналған рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журнал.

Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бұрын жарияланбаған ғылыми еңбектерді жариялайды.

Редакцияға жариялауға жіберілген ғылыми жұмыстар плагиатқа тексеріледі. Плагиат анықталса, жұмыс қосымша қарауға қабылданбайды.

Журналда келіп түскен жұмыстарды рецензиялаудың тәуелсіз институты жұмыс істейді. Журналдың редакциялық алқасына белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.

Журналдың редакциясы өз қызметінде Committee on Publication Ethics – COPE халықаралық жариялау этикасы комитеті әзірлеген принциптерді, сондай-ақ Scopus (Elsevier) журналдарын жариялаудың этикалық принциптерін басшылыққа алады. Басылымның авторлар мен оқырмандар үшін ашықтық принципі «MUSEUM.KZ» журнал саясатының негізі болып табылады.

Журнал материалдары «MUSEUM.KZ» Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Дүниежүзілік (CC BY 4.0, лицензия «Авторлықпен») лицензиясы бойынша қол жетімді.

Журналдың тағы бір бірегейлігі арнайы «AR» бағдарламасы әзірленді.

Мақалаларды қайта бастырып жариялағанда, микрофильмге және басқа да көшірмелерге түсіргенде міндетті түрде журналға сілтеме жасау қажет.

Журнал редакциясы мақаланың жарияланғандығынан келуі мүмкін зиян үшін авторлар немесе өзге тұлғалар мен мекемелер алдында өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды.

 

Журналды тіркеген

мекеме атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі

24 ақпан 2023жыл, Куәлік №KZ62VPY00065358

Құрылған жылы

30 қазан 2022 ж.

ISSN

ISSN: 2958-5376, ISSN-L: 2958-5376

Мерзімділігі

Жылына 4 рет

Құрылтайшысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі РМҚК

Сайт

https://journal-museum.kz

E-mail

museum.kz@mail.ru

Байланыс телефоны

8 (727) 264 08 44

Редакциясы

museum.kz

Таралымы

300 дана