ОРАЛ-ЕРТІС МӘДЕНИ-ТАРИХИ АЙМАҒЫНДАҒЫ БОТАЙ МӘДЕНИЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.01.05Аннотация
Бұл мақалада автор Орал-Ертіс мәдени-тарихи аймағына ботай мәдениетіне жататын ескерткіштердің таралуы бойынша зерттеу жүргізген. Энеолит дәуірі бойынша Орал-Ертіс өзендер аралығы және Ұлы Еуразия даласының іргелес аймақтары ғылыми әдебиеті қолданылды. Өткен жылдардың ғылыми есептерінің материалдары (Қазақстан – Алматы, Петропавл архивтерінен, музейлерінен, кітапханалары) жинастырылып, талданды. Археологиялық барлау жұмыстары жүзеге асырылды, 2021-2022 жылдары жазғы маусымда Қазақстан облыстарының аумағы бойынша зерттеулер жүргізілді. Энеолит кезеңінің остеологиялық, керамикалық материалдарына сараптау жұмыстары жүргізілді. Аналогия, талдау және синтез әдісі бойынша археологиялық деректердің кезекті нәтижесі алынды, ежелгі уақыттағы елді мекендердің таралуы мен тіршілік етуі бойынша гипотезалар жасалып, Орал-Ертіс мәдени-тарихи аймағының маңызды бөлігі ретінде ботай мәдениеті ескеткіштерінің бірегейлігі анықталды.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Зерттеу материалы ретінде ботай мәдениеті ескерткіштері және олардың Жайық-Ертіс өзендері ортасындағы аумақта таралуы жөнінде, ботай мәдениеті ескерткіштерінің Жайық-Ертіс мәдени-тарихи қауым ескерткіштермен ұқсастығы анықталады, сондай ақ, Ұлы Еуразия даласындағы Жайық-Ертіс өзендерінің ортасындағы аймаққа іргелес аймақтардың энеолитінің тарихнамасы зерттелді.
Қазақстанның бірқатар облыстарында орналасқан ескерткіштерге археологиялық барлау және далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Энеолит кезеңіне жататын остеологиялық және қыш материалдар зерттелді. Археологиялық деректерді талдау және синтездеу әдісін қолдана отырып, алдын ала нәтижелер алынды, ежелгі қоныстардың таралуы мен өмір сүруі, Жайық-Ертіс тарихи аймақ ретінде, мәдени-тарихи мұрасының маңыздылығымен ботай мәдениеті ескерткіштерінің сәйкестігі туралы болжамдар анықталды.