КЕГЕН АЛҚАБЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

##article.authors##

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.01

Түйінді сөздер:

Кеген, қорған, қорым, этноархеология, экспедиция, Жетісу, Көмірші шатқалы, музей

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада ХІХ ғасырдың аяғынан бастап осы уақытқа дейінгі аралықтағы Кеген алқабының зерттелу тарихы көрсетілген. Зерттеудің мақсаты жарияланған ғылыми еңбектерді, архивтік дереккөздерді талдау, сондай-ақ бүгінге дейінгі зерттелген ескерткіштер туралы толық ақпарат алу үшін заманауи материалдармен салыстыру. Тарихнамалық зерттеудің өзектілігі – Кеген алқабынан алынған археологиялық материалдарды жүйелеу.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі археологиялық экспедициясының 1979-2023 жылдар аралығында Кеген алқабында орналасқан ескерткіштерге жүргізілген археологиялық қазба нәтижелерінің зерттелуі көрсетілген. Бұл жерде, ескерткіштің бірегейлігі алғашқы адамдардың тұрақтарынан бастап орта ғасырлардағы қалалық мәдениетке дейінгі бірнеше мәдени-тарихи қабаттардың болуында. Сондай-ақ, бүгінгі күнде Кеген алқабындағы ғылыми зерттеу нәтижесінде алынған жаңа археологиялық, тарихи және басқа материалдар арқылы Жетісудың тарихи даму процестерінің ерекшеліктерін материалдық, рухани мәдениеттің ежелгі (палеолит) дәуірден жаңа заманға дейінгі дамуын ашып көрсетуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды. Жұмыс барысында музей қорларындағы заттардың жинақталу тарихы мен олардың музейлік қорларда сақталу ерекшеліктерін көрсететін есептік құжаттамаларға ерекше көңіл бөлінді.

Автор өмірбаяны

Рашида Харипова

Рашида Еримовна Харипова – директор Центрального государственного музея Республики Казахстан, магистр педагогических наук, г. Алматы.  https://orcid.org/000-0002-2406-2658

Жарияланды

2024-12-31