ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ ӨНЕРІНІҢ СЮЖЕТТЕРІНЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

##article.authors##

  • Александр Подушкин

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.01.06

Аннотация

Мақала Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Қаңлы мемлекеті (б.з.д. І ғ.-б.з. ІІ ғ.) кезеңіндегі бірегей артефактіндегі безендіру өнерінің көркемдік және тарихи-мәдени интерпретациясына арналады. Қазақстан археологиясында алғаш рет Қылышжар қорымының катакомбалық жерлеу орнынан әлеуметтік және семантикалық-ғұрыптық мазмұнға ие сюжеттері бар, садақ сабының жақтамасын безендіруге арналған мүйіз тіліктің бетін аса жоғары көркем оюмен суреттелген екі жапсырма табылды. Біріншісі қаңлы ақ сүйегінің арқарларға аңшылығымен байланысты. Мұнда бие-атының үстінде «жокей» тәрізді бүгілген күйде отырған шығыстық келбеттегі көшпелі шабандоздың ұзақ шауып, шаршап-шалдығып қаумалауға ұшыраған жануарларға садақ атып жатқан бейнесі суреттелген. Мерген жоғарғы билік нышанына ие, ол садақ және оған қосымша атрибуттармен (қосалқы садақ, мықты сауыт, қорамсақ, жауынгерлік жебе жиынтығы) қаруланған. Екінші сюжетте мифтік полиморфты тіршілік иесі «аю-арыстан» ның арқарлар тобына шабуыл жасауымен байланысты: «жыртқыштан» қашып құтлу үшін шауып бара жатқан жануарлардың бірінің аяғына араны ашылған жыртқыш ұмсына төнген.Екі композиция да аңшылықтағы сакралдық әрекетті білдіреді, онда адам (көшпелілер социумында жоғарғы билікке ие Құдайға жақын деген мәртебесі бар шабандоз) және мифтік «аю-арыстан» (бұл да құдай) арқар жануарларын аулауда ерекше әлеуметтік және діни функциялары бар кейіпкерлер ретінде қатысады. Орталық Азия және Оңтүстік Қазақстанның иран тілді халықтарының түснігінде фарн (хварна) құдайы бақыт, байлық, денсаулық, «зұлым» күштерден қорғайтын күш. Қаңлы мемлекетінің бейнелеу өнерлерінің шынайы шедеврі қатарына жоғары деңгейде оймаланып безендірілген сюжеттері бар мүйіз тіліктерді қояды. Археологиялық кешен және тарихи-мәдени индикаторлар бұл бұйымдардың хронологиясын б.з.д. І ғ. –б.з. ІІ ғасырымен мерзімдеуге мүмкіндік береді.Материалдар мен зерттеу әдістері. Мақалада Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Сарыарық елді мекенінде орналасқан Қылышжар қорымының No14 қорғанынан табылған, қазір ҚР Мемлекеттік орталық музейінің археология қорында сақталған археологиялық материалдар зерттеледі.Жерлеу орнынан табылған материалдар жүзді, сабында тастан жасалған қондырғысы бар қару жарақтар, киім әшекейлері-тоғалар, үш қанатты темір жебе ұштары, әлеуметтік және семантикалық-ғұрыптық мазмұнға ие сюжеттері бар, садақ сабының жақтамасын безендіруге арналған мүйіз тіліктің бетін аса жоғары көркем оюмен суреттелген екі жапсырма. Аталмыш материалдарды зерттеу кезінде стилистикалық талдаумен толықтырылған сюжеттің иконографиясын зерттеуде типологиялық әдіс қолданылды. Салыстырмалы әдіс арқылы жәдігерлердің ортақ және ерекше белгілері анықталды.Сондай-ақ, тарихи салыстырмалы әдіс арқылы тарихи-археологиялық байланыстар да ашылды. Хронологиялық атрибуция салыстырмалы және мерзімдеу арқылы жүзеге асырылды. Зерттеуде жазбаша дереккөздер, мұрағат материалдары және далалық қазба жұмыстарының есептері пайдаланылды.

Автор өмірбаяны

Александр Подушкин

Тарих ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры. ҚР МОМ археология бөлімінің бас ғылыми қызметкері (050051, Алматы қ-сы, Самал-1/44, Қазақстан). https://orcid.org/0000-0003-1603-1373. E-mail: p_a_n_alex@mail.ru

Жарияланды

2023-06-05