МЫРЗА ХАЙДАРДЫҢ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖЫЛЫ ХАҚЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.05Түйінді сөздер:
Мырза Хайдар Дулати, Тарих-и Рашиди, Кашмир, Табакат-и АкбариАннотация
Аңдатпа. Мырза Хайдар Дулатидің 958/1551 жылы Кашмирде қайтыс болғаны көпшілікке белгілі. Бұл дата Низам ад-Дин Ахмадтың үшінші Моғол императоры Акбардың сарайында жазған «Табакат-и Акбари» атты парсы жылнамасындағы сипаттамаға негізделген болуы мүмкін. Керісінше, Кашмир өлкесінің тарихын арқау етіп жазылған екі парсы шығармалар, Сайид Алидің «Тарих-и Кашмир» еңбегі мен «Бахарстан-и Шахи», оның сәл ертерек, яғни һижраның 957-жылы зұлқаада айының 7/8-күні (1550 жылы 17/18 қараша) қайтыс болғанын айтады. Бұл мақалада алдыңғы зерттеу нәтижелері қайталай сарапталумен қатар осыған дейін аз зерттеліп келген жазба және нумизматикалық дереккөздер басты назарға алынады. Мырза Хайдардың құлпытасына қашалған парсыша жоқтау жыры мен 1550 жылдары шығарылған теңгелер оның 957/1550 жылы қайтыс болғанын растайды. «Табақат-и Ақбари» шығармасындағы Мырза Хайдардың Кашмирді билегені туралы бөлімін қарастыратын болсақ, оның билік жүргізген кезеңі һижраның 949 жылы болған тарихи оқиғалардан бір жылдай ауытқыған сыңайлы. Осының салдарынан Мырза Хайдардың хронологиясында қателік орын алған. Әбу-л Фазлдің «Ақбарнама» еңбегінде Мырза Хайдардың 958/1551 жылы қайтыс болғаны туралы жазылған, бұл мәлімет әлі күнге толық зерттелмеді.