ХАЛЕЛ АРҒЫНБАЕВТЫҢ ХАТТАРЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.07Түйінді сөздер:
тарих, этнография, ғылым және өндіріс, басылымдар, хаттар, мұраАннотация
Аңдатпа. Мақалада қазақтың ірі ғалым-этнографы Халел Арғынбаевтың ғылыми қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған ғылыми еңбектері, сондай-ақ оның Павлодар облысының ғылыми-шығармашылық зиялы қауымының ғылыми-әдістемелік (теориялық) қамтамасыз ету және халықтық қолтаңбалы өнер нысандарын іс жүзінде жүзеге асыруда көмек көрсету туралы жазбаша өтінішіне жауап ретінде ХХ ғ. 90-жылдары жазған хаттары жинақталды. Ғалым тарапынан көптеген сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік этнографиялық зерттеулерді ұйымдастыру бойынша құнды кеңестер, авторлық еңбектері пошталық сәлемдеме ретінде және т.б. жіберілді.
Ғалымның эпистолярлық мұрасына айналған бірнеше хаттары, бүгінгі күні де оның шығармашылығы мен ғылыми мұрасын зерттеуде әлі де үлкен маңызға ие. Зерттеу жұмысы Х. Арғынбаевтың Қазақстан этнографиялық ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ ғалымның қолданбалы этнографиясы мен Қазақстан тарихының дамуына қосқан үлесін көрсететін өмірбаяндық және деректік материалдарын көрсетуге бағытталған.