ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МУЗЕЙЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СИНГАПУРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: КЕЛУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАҢА ИДЕЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.11Түйінді сөздер:
музейтану, музейлік ақпараттық-коммуникациялық технологиялары, сингапурлық тәжірибе, ғылыми орталық, инновациялық әдістерАннотация
Аңдатпа. Мақалада автордың біліктілікті арттыру мақсатында Сингапурға жасаған іс-сапарының нәтижесіндегі жеке тәжірибесіне, ғылыми және музей, көрме мекемелерінде пайдаланылатын сингапурлық технологиялар мен жұмыс әдістеріне шолу жасалады. Заманауи технологиялық және инновациялық әдістер қазақстандық реалиялар тарапынан қарастырылып, автордың отандық музейлердің негізіндегі экспозицияларын жетілдіру бойынша идялары мен нақты ұсыныстары келтіріледі. Өскелең ұрпақпен жұмысқа баса назар аударылады: музейлердегі жүріс-тұрыс мәдениеті мен әдебіне үйрету, ойын және үйрету әдістері, заманауи технологиялар мен құралдар (VR-көзілдірік, толықтырылған шынайылық, ортаға сіңісу және т.б.) арқылы жастардың ғылым мен жаратылыстануға қызығушылығын арттыру. Тақырыптық ғылыми орталықтарға келушілерді тарта отырып осындай көңіл өткізетін орындарға келтіру дағдыларын баулу. Музей қызметкерлері үшін Сингапур ғылыми орталығының бай тәжірибесі құнды, оның ішінде айрықшалары – көрме жұмыстарын ұйымдастыру, келушілерді тарту салалары.
Айрықша назар аударатыны – жастар орталықтары бір жағынан уақыт өткізудің орны болса, екінші жағынан келушілермен: жергілікті халықпен және шетелдік қонақтармен қатысым жүргізудің белсенді әдісі саналып отыр.