ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙЛЕРІ: КӨРСЕТКІШТЕР МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

##article.authors##

  • Нұрсерік Жолбарыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі
  • Бақытжан Қалнияз ҚР Ұлттық музейі
  • Дәулет Жайлыбаев

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.12

Түйінді сөздер:

Қазақстан музейлері, музей ісі, музейлер бейіні, музей экспозициясы, қор сақтау, мәдени-білім беру, экскурсия, музей педагогикасы

Аннотация

Мақалада Қазақстан музейлерінің даму көрсеткіштерін анықтауға арналған мониторинг жұмыстарының қорытындылары ұсынылған. Мониторинг жұмысы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Қазақстан музейлерін дамытуды үйлестіру-әдістемелік орталығында 2022-2023 жылдары жүргізілген. Авторлар ұжымы Қазақстандағы музей жұмысының негізгі бағыттары бойынша сауалнама жүргізіп, саланың дамуы мен проблемаларына қатысты деректерді келтірген. Атап айтқанда, музейлердің бейініне қарай бөлу, қор сақтау жұмысы мен музей заттарын реставрациялау, музейдегі ғылыми-зерттеу жұмысының көрсеткіштері, кадрдың әлеуметтік құрамы, цифрландыру мен интернет ресурстарды игерудегі оң шешімдер, мәдени-білім жұмысындағы жетістіктер, көрме және реэкспозиция жұмыстарындағы проблемалар және олардың шешу жолдары туралы ұсыныстар қарастырылған.  

Материалдар мен зерттеу әдістері. Мақалаға 2022-2023 жылдары Қазақстан музейлерінен жинақталған мониторинг құжаттары, ҚР Ұлттық статистика бюросының салалық көрсеткіштер бойынша жариялаған қорытындылары арқау болды. Жоғары оқу орындарының музейлері мен мектеп музейлері, мекемелер мен ұйымдардың ішінен ашылған, бірақ дербес музей ретінде қызмет етпейтін музейлер (корпоративтік музейлер) бұл тізімге енгізілмеді. Яғни музей статусымен дербес мекеме ретінде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсеткіштерді анықтау үшін таңдап алынды. Зерттеу барысында сауалнама жүргізу, сауалнама қорытындыларына анализ жасау, тарихи-салыстыру әдістері қолданылды.

Автор өмірбаяндары

Нұрсерік Жолбарыс, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің ғылыми қызметкері, музейтанушы.

Бақытжан Қалнияз, ҚР Ұлттық музейі

ҚР Ұлттық музейі Қазақстан музейлерін дамытуды үйлестіру-әдістемелік орталығының жетекшісі

Дәулет Жайлыбаев

Музей ісінің маманы, этнолог

Жарияланды

2024-12-31