МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕГІ МУЗЕЙДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.01.03Аннотация
Мақалада Орталық Азияның ірі музейлерінің бірі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қор жинақтары негізінде музейлік жұмыстың басты бағыттарының бірі – ғылыми-зерттеу қызметі, оның ішінде, музей заттарын камералық өңдеу, классификациялау, құжаттық қасиеттерін анықтау, сондай-ақ, ғылыми каталогтауға арналған әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер жұмысының бағыттары қарастырылған. Сонымен қатар, музейдің ғылыми-қолданбалы зерттеу бағдарламалары мен жобалары аясында мамандандырылған (профильдік) пәндерді дамыту және тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы ғылыми қызметі іске асырылып жатқаны да көрсетілген.
Басты назар музейлік тақырыптық ғылыми зерттеулердің мемлекеттің, халықтың терең тарихы мен мәдениетін зерделеудегі аса жоғары маңыздылығын аша келе, жалпы музейлердің қор коллекциялары ғылыми-зерттеу базасының маңызды дереккөзі екендігіне аударылған.
Материалдар мен зерттеу әдістері: мақалада мемлекеттік нысаналы-бағдарламалы қаржыландыру конкурстары аясында Мемлекеттік орталық музейдің іске асырған ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстарының материалдары мен нәтижелері қолданылған: атап айтқанда, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті бойынша тарихи-этнографиялық дереккөздер ретінде алғаш рет ғылыми айналымға енгізілген ҚР МОМ және басқа да қазақстандық музейлердің қорларындағы қазақ суретшісі Ә. Қастеевтің акварель жұмыстары, ХVІІ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы хронологиялық диапазонды қамтытатын қазақ дәстүрлі қолданбалы мәдениеті бойынша этнографиялық заттар және орта ғасырлар дәуіріне жататын археологиялық артефактілер.
Осыған орай, музей заттарының әртүрлі сипатына сәйкес ғылыми зерттеу бейініне сәйкес зерттеу әдістері пайдаланды: мәселен, музей қорларынан этнографиялық заттарды жүйелеу және жіктеу кезінде тақырыптық-проблемалық принциптері, сондай-ақ, жалпы типологиялық белгілері бойынша пәндерді зерттеу – жүйелеу, сәйкестендіру, аналогтарды салыстыру, тарихи-мәдени, контекстуалдық және басқа да ғылыми әдістер болса, археологиялық материалдың негізгі категорияларын талдау үшін тарихи-типологиялық және салыстырмалы әдістер қолданылды.