ӨЗБЕКСТАН МУЗЕЙЛЕРІ ХАЛЫҚТЫҢ БАЙ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.01.02Аннотация
Мақалада Орталық Азия халықтарының көп ғасырлық салт-дәстүрлері және тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты аса бай тарихи-мәдени мұраны сақтаумен айналысатын Өзбекстан музейлерінің рөлі ашылады. Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан және оның алтын бөлігі болып табылатын Өзбекстан, өз аумағындағы көптеген сәулет ескерткіштерін, көне бекіністер мен құлыптарын, тылсым және бірегей табиғат ескерткіштерін, соның ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра қорғауына алынған фольклор элементтерін де сақтай отыра, бүгінде әлемдік өркениет орталықтарының біріне айналды.
Осы орайда, мақалада Өзбекстан музейлерінде сақталған сирек экспонаттардың сипаттамасы берілген. Музей экспонаттары халықтың бай мұрасын сақтап, насихаттайтындығы, сондай-ақ ұлы отандастардың естелігін сақтауға қызмет ететіндігі аталып, жалпы музейлердің ғылыми және ағарту беру орталықтарының рөлін атқаратындығы, мәдениет пен өнердің насихаттаушысы екендігі айтылған.
Материалдар мен зерттеу әдістері: ғылыми зерттеу барысында Өзбекстан музейлеріндегі музей мәдени-білім саласының, музей қорындағы материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін зерттеу бойынша ғылыми материалдар, сондай-ақ мемлекеттік мәдениет және ғылым саласында мәдени мұраны зерттеу бойынша тарихи деректер кеңінен пайдаланылды.
Аталмыш ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруда дереккөз базасын зерттеуде қолданылатын тарих және музейтану салаларындағы дәстүрлі әдістер қолданылды. Оларға, ең алдымен, қажетті деректерді жинауға және талдауға, зерттеу пәнінің сипаттамаларының тізіміне негізделген сараптамалық-баяндау, контекстуалдық әдістер жатады.
Бүгінгі таңда музейлердің даму бағыттарын зерттеу, зерделу жұмыстары олардың мәдени-әлеуметтік байланысы мен маңыздылығын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу және көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда, тарихи фактілерді шынайы көрсетуде және ұсыну ретінде салыстырмалы-тарихи, типологиялық әдістері қолданылып, жүзеге асырылды.