ШЫҢЖАҢДАҒЫ ПУЛАД АҚША САРАЙЫНЫҢ XIII ҒАСЫРДАҒЫ МОНЕТАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.01Түйінді сөздер:
Пулад қаласы, тиын, юань, моңғол-юань кезеңі, Моңғол империясы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, XIII ғасырАннотация
Аңдатпа. Көне Пулад қаласы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы қазіргі Боле (Боротала) қаласының маңындағы Далет қалашығы аумағында орналасқан. Пулад Ұлы Жібек жолының солтүстік жолының орталық бөлігінде орналасып, бірегей географиялық жағдайы арқасында XIII ғасырда Моңғол Юань әулеті кезінде үлкен стратегиялық маңызға иә болды. Бұл мақалада соңғы жылдары Боле аумағынан табылған моңғол-юань кезеңіндегі монеталарды сұрыптау мен жіктеу негізінде Пулат ақша сарайының XIII ғасырдағы монеталары егжей-тегжейлі зерттеледі. Моңғол империясының қарамағындағы маңызды қала ретінде Пулад Моңғол империясының саяси жағдайымен және басқару стратегияларымен тығыз байланысты. Бұл ақша өндірісінің монеталары Үгедейден Мөңкеге дейінгі билік кезінде, одан кейін Қайду тұсында, сыртқы түрі, жазулары және т.б. жағынан түрлі өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер XIII ғасырдың әртүрлі кезеңдеріндегі Моңғол империясының саяси ерекшеліктері мен билігінің сипатын көрсетеді. Боле аймағынан табылған монеталарды жан-жақты зерттеу керек, өйткені бұл моңғол-юань кезеңіндегі ақша жүйесі туралы білімімізді кеңейтеді. Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу XIII ғасырдағы моңғол-юань кезеңіндегі монеталар бойынша жүргізілді. Автор нумизматикалық зерттеулерге тән келесі жалпы әдістерді пайдаланды: тарихилық, салыстыру, метрологиялық, монеталарды сұрыптау және т.б.