МАЙДАННАН КЕЛГЕН ХАТТАР: ТАРИХИ ДЕРЕК ПЕН РУХАНИ МҰРА РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.04Түйінді сөздер:
ҚР Мемлекеттік Орталық музей, майдандағы хаттар, далалық пошта, Ұлы Отан соғысы, майдан поштасы, отбасылық байланысАннотация
Аңдатпа. Мақала Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әскери-далалық пошта жүйесін зерттеуге, сондай-ақ майдан хаттарын бірегей тарихи дереккөз ретінде деректанулық тұрғыдан қарастыруға арналған. Майдан хаттары тарихи әрі әлеуметтік маңызы зор дереккөз ретінде талдауға алынады. Зерттеу барысында 1941-1945 жылдар аралығында майдандағы жауынгерлер мен олардың отбасылары арасындағы хат-хабар алмасу үдерісі талданады. Атап айтқанда, әскери-далалық пошта қызметінің ұйымдастырылу ерекшеліктері, хаттарды жеткізу тетіктері, сондай-ақ цензураның рөлі мен оның хаттардың мазмұнына әсері жан-жақты қарастырылған.
Мақалада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі (ҚР МОМ) қорында сақталған соғыс жылдарына тиесілі түпнұсқа хаттар тарихи дереккөз ретінде қарастырылады. Бұл хаттарда сол кезеңдегі қоғамдық көңіл-күй, сарбаздардың рухани жай-күйі, отбасылық қарым-қатынас, елге деген сағыныш пен үміт, сондай-ақ әскери қызметтің ауыртпалықтары мен майдандағы өмір шындығы бейнеленген. Мақалада хаттар тілдік және мазмұндық тұрғыдан талданып, олардың лексикалық ерекшеліктері, эмоционалдық бояуы мен семантикалық құрылымы қарастырылады. Сонымен қатар мақалада далалық пошта байланысының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз еткен мемлекеттік құрылымдар мен әскери басқару тетіктері сипатталады. Автор соғыс жылдарындағы пошта жүйесінің майдан мен тыл арасындағы әлеуметтік байланыстың маңызды құралы ретінде атқарған рөліне ерекше назар аударады. Зерттеу нәтижелері хаттардың құжаттық құндылығын ғана емес, тарихи-мәдени, рухани мәнін де ашып көрсетеді. Зерттеудің өзектілігі соғыс уақытындағы пошта байланысының әлеуметтік және тарихи маңызын түсіну, сондай-ақ дереккөз ретінде майдандық хаттардың ақпараттық құндылығын бағалау қажеттілігінде. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери дала поштасының құрылымы мен қызметін талдауға және майданнан жіберілген хаттардың тарихи-мәдени құндылығын анықтауға ерекше назар аударылады.