ӨЗБЕКТІҢ «ДАЛАЛЫҚ» ТОҚЫМАСЫ «ӘЛЕМ ЖИНАҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ» МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЖОБА ФОКУСЫНДА

##article.authors##

  • Эльмира Гүл «Жібек жолы» Халықаралық зерттеу институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.05

Түйінді сөздер:

өзбектер, дала, кесте, кілем, шетелдік коллекциялар

Аннотация

Аңдатпа. Өзбек халқының мәдени мұрасының маңызды бір бөлігі ол Дешті Қыпшақ тайпалық одағымен тарихи байланысы бар, көшпелі өмір салтын есте сақтап, мал шаруашылығымен айналысатын өзбектің ру-тайпалық топтарының, әсіресе лақайлар мен қоңыраттардың, өнері. Олардың көркем мұрасы ең жарқын түрде кестелеу мен кілем тоқу сияқты тоқыма өнері арқылы көрініс тапқан және де бұл өнер туындылары бүкіл әлемдік көркем мәдениеттің мойындалған құндылығына айналған. Тарихи жағдайларға байланысты бұл бұйымдардың елеулі және ең құнды бөлігі бүгінгі таңда Өзбекстаннан тыс жерде – әлем музейлері мен жеке коллекцияларда сақталған. Нәтижесінде жартылай көшпелі өзбектердің тоқымасы өз отанымен салыстырғанда шетелде жақсырақ зерттеліп, кеңінен танымал болды.

«Әлем жинақтарындағы Өзбекстанның мәдени мұрасы» жобасы аясында әртүрлі елдерде сақталған лақай және қоңырат тоқыма бұйымдарының көптеген топтамалары анықталып, жарияланды. Жоба аясында жарық көрген кітап-альбомдар сериясы өзбек мұрасының осы саласын отандық мамандарға қолжетімді етті. Мақалада АҚШ-та сақталған бірқатар маңызды коллекциялар қарастырылады.

Жарияланды

2025-06-30