XI ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.10Түйінді сөздер:
түркі халықтары, ортағасыр, этномәдени дәстүр, түркі халықтарының асханасы, аспаздық өнер, этнография, этнология, мәдени антропология, тағамдарАннотация
Аңдатпа. Мақала XI ғасырдағы түркі халықтарының тағамдары мен тамақтану мәдениетіне арналған. Түркілердің ас әзірлеу дәстүрлері мен тағамдарының құрамында сол дәуірдің әлеуметтік және мәдени өмірінің көрінісі бар. Мақалада XI ғасырда түркі халықтарының негізгі тағамдары, олардың дайындалу тәсілдері, азық-түлік көздері мен дайындық ерекшеліктері қарастырылады. Түркі халықтарының ас үйі және олардың тағамдары араб, парсы, қытай сияқты түрлі мәдениеттердің ықпалымен қалыптасқан. Сонымен қатар, мақалада түркі халықтарының дастарханына ислам дінінің, көшпелі өмір салтының алып келген өзгерістерінің әсері, сондай-ақ Орта Азия елдерінің гастрономиялық дәстүрлері туралы мәліметтер беріледі. Осы тұрғыда, түркі тағамдары мен тамақтану дәстүрлерінің халықтың күнделікті өмірі мен рухани құндылықтарымен тығыз байланысты екендігі анықталды. Бұл зерттеу XI ғасырдағы түркілердің ас үй мәдениетінің көп қырлы әрі бай екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі халықтарының тағам мәдениеті ортағасырдан қазіргі заманға дейін қалыптасып, олардың көпшілігі бүгінгі күнге дейін сақталғанына көз жеткізе аламыз. Ғылыми мақалада XI ғасырдағы түркі халықтарының сусындары, сүт тағамдары, салқын тағамдар, ет тағамдары, сорпалар, балықтар, дән тағамдары, тәтті тағамдар және ұн тағамдарына анықтама беріледі.