ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-САНА ТҮРЛЕРІ (ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ Ә. ЫСҚАҚОВ ҚОЛЖАЗБАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚЫСҚАША ЭКСКУРС)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.11.05Түйінді сөздер:
Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов, салт, дәстүр, әдет, ғұрып, рухани тәрбиеАннотация
Мақалада ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорында сақтаулы Әрхам Ысқақовтың (1885-1962) «Қазақтың өмірінде болған әдет, ғұрып, салт, сана» қолжазбасына шолу жасалады. Ұлы Абай әлемін терең тануға мүмкіндік берген, мол мұрасын жинау, сақтау, қалыптастыруға бүкіл ғұмырын арнаған Әрхам Кәкітайұлының естелік жазушы ғана емес, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі өмір салтын сипаттаған этнографиялық дерек көзі екендігіне назар аудартады.
Қазақтың ұлттық құндылықтарын, әдет-ғұрпын, этномәдени болмысын зерттеуші, қамқоршы ретіндегі қызметі талданады. Қолжазбада сипатталған дәстүрлі қазақы ортада қолданыста жүрген халқымыздың салт-дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге, ұлттық мәдениеттің сақталуына ықпалы сөз етіледі. Оның ұлттық болмысты, салт-дәстүрді, мәдени құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған еңбегіне көңіл бөлінеді. Қолжазбадағы салт, дәстүрге байланысты сипаттамалары мен оған қатысты авторының түсініктемелері беріледі. Қолжазбаның дәстүр, әдет-ғұрып, өнер түрлері мен тұмыс-тіршілігі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан сан ғасырлық мұраны келешекке жеткізуде қосқан үлесі қарастырылған.
Еңбектің маңыздылығы: рухани мұраны бағалау, ұрпақтың бойына сіңіруде, атап айтқанда, білім беру мекемелеріндегі рухани-адамгершілік тәрбие беруде көмекші материалдардың бірі бола алады.
 
						 
							



