ҚАЗАҚТЫҢ АТ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙШЫҚТЫ БІР БӨЛШЕГІ: ЖҮГЕНДЕР (Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі экспонаттары негізінде)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.11.06Түйінді сөздер:
жүген, ат-әбзелдері, этнография, көшпелі мәдениет, музей экспонаттары, қазақ қолөнері, тарихи мұра, дәстүрлі өнерАннотация
Бұл ғылыми мақалада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған жүгендердің этнографиялық, тарихи және көркемдік сипаттары сарапқа салынады. Жүген – қазақ халқының дәстүрлі ат мәдениетінің маңызды бөлшектерінің бірі ретінде қарастырылып, оның тұрмыстық және салт-дәстүрлік мәні ашылады. Мақалада жүгендердің жасалу технологиясы, қолданылған материалдары, көркемдік элементтері мен функционалдық ерекшеліктері кеңінен сипатталады. Сонымен қатар, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын экспонаттар арқылы көшпелі қазақ қоғамындағы ат әбзелдерінің алатын орны мен олардың дамуы зерттеледі. Қолөнер шеберлерінің туындылары мен эстетикалық танымы, олардың ұлттық мәдениеттегі рөлі ғылыми негізде талданады. Жүгендердің құрылымына, әшекейлену тәсілдеріне, сондай-ақ өңірлік ерекшеліктеріне назар аударылады. Мақаланың мақсаты - Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған жүгендердің қазақ халқының тарихы, өмір салты мен дүниетанымындағы маңызды бөлшегі ретіндегі тарихи маңыздылығын ашу. Бұл зерттеу Қазақстандағы ұлттық мәдени мұраны сақтау, оны болашақ ұрпаққа жеткізу және музей қорындағы құнды жәдігерлерді ғылыми айналымға енгізу жолындағы маңызды қадам болып табылады.
 
						 
							



