СҮТКЕНТ — ҚАРАХАНИДТЕРДІҢ ЖАҢА ТЕҢГЕ САРАЙЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.01Түйінді сөздер:
Сүткент қалашығы, Параб, Қарахандар, XI ғасыр, фельс, мыс монеталар, нумизматикаАннотация
Аңдатпа. Осы жұмыстың мақсаты - XI ғасырдың басында соғылған, Қарахан мемлекетінің бұрын ғылымға белгісіз болған теңге сарайының мыс фельстерін ғылыми айналымға енгізу. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының Түркістан облысы, Шардара ауданынан табылған төрт қарахандық монета қарастырылды. Аталған фельстердің негізінде теңге жазбалары қалпына келтіріліп, теңге сарайының атауы Сүткент екені және олардың соғылған уақыты 405 һижра жылы/1014–1015 жж. екені анықталды. Осы уақытқа дейін бұл теңге сарайы шығыс нумизматикасы бойынша ғылыми әдебиеттерде тіркелмеген. Ортағасырлық Сүткент Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан тарихи Параб аймағында болған. Анықталған теңге сарайы XI ғасырдағы Қарахан дәуірінде Отырар оазисі аумағында жұмыс істеген Парабтан кейінгі екінші белгілі соғу орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта бұл археологиялық нысан «Сүткент I» қалашығы ретінде белгілі. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Қарахан мемлекетінің теңге соғу географиясын нақтылауда және аймақтық ақша айналымының құрылымы туралы түсініктерді кеңейтуде көрінеді. Жаңа нумизматикалық материалдарды ғылыми айналымға енгізу Отырар оазисіндегі жергілікті теңге сарайлары мен ақша саясатының ерекшеліктерін толықтыруға мүмкіндік береді.

