ТҮРК ХАЛҚТАРЫ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖАНУАР БЕЙНЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.02Түйінді сөздер:
мифология, жануар бейнелері, бұқа, қасқыр, жылан, жылқы, діни мифология, түркі дүниетанымы, символикалық мәнАннотация
Аңдатпа. Бұл мақалада түркі халықтарының мифологиясындағы жануарлар бейнесі, олардың символикалық мәндері және халықтың тарихи, мәдени және рухани мұрасындағы орны кеңінен қарастырылған. Мақалада түркі халықтарының материалдық емес мәдени мұрасы саналатын аңыздардағы жануарлар бейнесі, олардың жалпы түркі дүниетанымы мен әлеуметтік өмірдегі маңызы егжей-тегжейлі талданған. Жануарлар түркі халықтарының мифологиялық түсініктерінде тек табиғаттағы тіршілік иелері ретінде ғана емес, сондай-ақ адамдардың моральдық, этикалық және рухани құндылықтарын бейнелейтін маңызды символдық бейнелер ретінде де маңызды орын алады. Олар адамдардың шаруашылық өмірінде азық-түлік өнімі болып қана қоймай, қоса атқаратын қызметін де жүзеге асырған. Түркі халықтарының тұрмысында олардың орны ерекше болған. Олар халықтың ауыз әдебиеті мұрасында түрлі бейнелерде берілген. Жануарлар бейнесі арқылы халықтың дүниетанымы, әлеуметтік мәселелері және олардың тарихы бейнеленген. Мақалада жануарлар бейнесі арқылы халықтың ұлттық және моральдық нормалары, рухани маңызы, анималистік және символикалық мағыналары зерттеледі. Бұл зерттеу түркі халықтарының мифологиясын, мәдени көзқарастарын және тарихи қазыналарын түсінуге мүмкіндік береді. Мақала түркі халықтарының мифологиялық ойлауын, олардың маңызды бейнелерін және символикалық мәндерін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, қазіргі заман мәдениетіндегі жануарлар бейнесінің әсері де жан-жақты талданған.

