ҚАРҚАРАЛЫ ДУАНЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІ (1822-1868 жж.)

##article.authors##

  • Абай Асқарұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.05

Түйінді сөздер:

Қарқаралы дуаны, бекініс, реформа, жәрмеңке, айырбас сауда, қоғамдық-саяси, станица

Аннотация

Аңдатпа. Қазақ халқының әлеуметтік тарихының жүзеге асар орны болып табылатын қалалар тарихы – қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі. 1822 жылғы «Сібір қырғыздарын басқару туралы Ереженің» енгізілуі негізінде Ресей империясы қазақ даласын саяси-қоғамдық, басқару ісі мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Нәтижесінде ауыл, болыстар округтарға біріктіріліп, Ресей империясының отарлау саясаты қазақ жеріне орныға бекіді. Мақалада 1824 жылы ашылған Қарқаралы дуаны халқының қоғамдық-саяси тарихы қарастырылған. Қазақ даласында алғаш ашылған округтардың даму тарихы жергілікті тұрғындардың өмір сүру салтымен тығыз байланыста дамыды.

ХІХ ғасырдағы Қарқаралы дуаны қазақтарының тарихын қарастыру, Ресей империясы құрамында болған қазақ даласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді. 1824 ж. Қарқаралы өңірінде ашылған мемлекеттік ғимараттардан бөлек саудагерлер мен жергілікті қазақтарға арналып тұрғын үйлер салынды. Мұнда жергілікті қазақтар үшін мешіт ашылса, қоныс аударған славян халқы үшін шағын часовня салынған. Өңір тарихында «Қоянды» жәрмеңкесі ерекше орынға ие. Осы жәрмеңкелік саудаға тартылған саудагерлер Қарқаралыда өздеріне ағаштан ойылған және қызыл кірпіштен ерекше үйлер салды. Бұл Қарқаралы өңірі халқының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға көтерілгенін көрсетеді. Мақаланың мақсаты – 1822-1868 жж. Қарқаралы дуаны қазақтарының қоғамдық-саяси өмірі тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31