ҚАЗАҚ ЕР-ТОҚЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ТАЛДАУ (АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ҚОРЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.06Түйінді сөздер:
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, ер-тоқым, ат-әбзелдері, ғұн дәуірі, қазақтың дәстүрлі мәдениеті, көшпелі өркениет, материалдық мәдениет, музей қоры, этнография, салт міну мәдениетіАннотация
Андатпа. Мақалада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған ер-тоқымдар кешені тарихи-мәдени тұрғыдан кешенді түрде талданады. Зерттеу нысаны ретінде ғұн дәуіріне жататын археологиялық ер-тұрман үлгілері, XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы дәстүрлі қазақ ерлері, кеңестік кезеңдегі ат-әбзелдері, сондай-ақ ашамай мен тоқым сияқты қосалқы бұйымдар қарастырылды. Ер-тоқымдардың конструкциялық ерекшеліктері, жасалу технологиясы, қолданылған материалдары мен көркемдік безендірілуі негізінде олардың функционалдық, әлеуметтік-статустық және символдық мәні айқындалады.
Зерттеу барысында ер-тоқымдардың қазақ халқының көшпелі өмір салтына бейімделген материалдық мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі екені, олардың әскери іс, салт міну мәдениеті, әлеуметтік иерархия және дүниетаныммен тығыз байланыста қалыптасқаны анықталды. Сонымен қатар музей қорындағы ер-тоқым үлгілерінің аймақаралық мәдени сабақтастықты, тарихи жадыны және дәстүрлі қолөнердің эволюциясын айқындайтын құнды дереккөз ретіндегі маңызы көрсетілді. Мақала материалдары қазақ этнографиясы, музейтану және мәдени мұраны сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді толықтыруға бағытталған.

