ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ РАХАТ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ: НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.01Түйінді сөздер:
археология, зерттеу, Рахат археологиялық кешені, ынтымақтастық, музей-қорық, Археология институты, Қазақстан, ҚытайАннотация
Аңдатпа. Мақала «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы қазақ-қытай ынтымақтастығына арналған. Зерттеуде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының Археология институты және Жібек жолы археологиясы бойынша бірлескен зерттеу орталығының «Рахат археологиялық кешенінде» жүргізген археологиялық, ғылыми және мәдени қызметінің нәтижелері қарастырылады. Мақалада археологиялық далалық зерттеулердің қорытындылары, бірлесіп атқарылған реставрациялық жұмыстар, ұйымдастырылған көрмелер, ғылыми жарияланымдар, семинарлар, конференциялар, деректі фильмдер және өзге де іс-шаралар туралы мәліметтер берілген.
Мақаланың мақсаты – Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы мәдени және ғылыми байланыстардың дамуын археологиялық мұраны зерттеу және сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан талдау. Тарихи Ұлы Жібек жолының маңызды аймақтарының бірі ретінде Қазақстанның рөліне ерекше назар аударылады. Рахат археологиялық кешенінде жүргізілген бірлескен қазақстандық-қытайлық зерттеулер мысалында археология саласындағы мемлекетаралық ғылыми өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері қарастырылады. Бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру Жетісудың тарихи-мәдени мұрасы туралы білімді кеңейтуге, археологиялық ескерткіштерді зерттеудің ғылыми әдістерін жетілдіруге және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні көрсетіледі.

