«МУНТАХАБ АТ-ТАВАРИХ-И МУʻИНИДІҢ» ПАРИЖДЕГІ ҚОЛЖАЗБАСЫНДАҒЫ ЖАДУАЛ [ӘУЛЕТ КЕСТЕСІ] ЖӘНЕ ТОПҚАПЫ САРАЙЫ МУЗЕЙІ КІТАПХАНАСЫ, B. 411

##article.authors##

  • Хироюки Нагаминэ Национальный институт технологии, Ояма колледж (Япония)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.04

Түйінді сөздер:

«Мунтахаб ат-Таварих-и Муʻини», жадуәл, Topkapı Sarayı Müzesi Kütüphanesi, B. 411, Ақ Орда, Көк Орда

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада Муин ад-Дин Натанзидің «Мунтахаб ат-Таварих-и Муʻинидің» Париждегі қолжазбасындағы осы уақытқа дейін аз назар аударылған жадуал ([Әулет кестесі]) және осы авторға тиеселі болуы мүмкін Топқапы сарайы музейі кітапханасының B. 411 (Synoptic Account) қолжазбасындағы Жошы ұлысы бөлімі талданады. Автор олардағы мәліметтерді салыстыра зерттей отырып, «Ақ Орда» мен «Көк Орда» мәселесін және «Мунтахаб ат-Таварих-и Муʻинидің» сипатын қайта қарастырады. «Мунтахаб ат-таварих-и Муини» шығармасының Жошы ұлысы туралы мәліметтерінде зерттейтін біраз мәселелер бар екені бұрыннан белгілі, бірақ осы мақалада шығарма авторының шынымен Жошы ұлысы туралы, «Мунтахаб ат-Таварих-и Муʻини» мәтінінде көрініс таппаған, көптеген маңызды мәліметтерге ие болғаны көрсетіледі. Сонымен қатар, автордың Жошы ұлысының сол қанаты (Орда ұрпақтарының) ерте тарихы туралы нақты мәліметері болмаған деген болжам бар. Автордың «B. 411» қолжазбасын жазарда «Ақ Орда» мен «Көк Орда» туралы өте көлемді мәліметтері болуы мүмкін, бірақ оның ақпараттары нақты болмаған. Жадуал мен «B. 411» қолжазбасын және «Мунтахаб ат-Таварих-и Муини» мәтінін кеңінен салыстыра зерттеу болашақта олардағы Жошы ұлысы туралы мәліметтердің тарихын анықтауға мүмкіндік береді.

Сілтеме жасау үшін: Нагаминэ Х. Мунтахаб ат-таварих-и Муʻинидің Париждегі
қолжазбасындағы жадуал және Tопқапы сарайы музейі кітапханасы, B. 411 // MUSEUM.KZ.
2023. № 2 (1). 31-42 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.04

Жарияланды

2023-07-23