ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕР-ТОҚЫМДАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАСЫ (Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі экспонаттары негізінде)

##article.authors##

  • Қайрат Талжанов Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.04

Түйінді сөздер:

ер-тоқым, ат әбзелдері, типология, семантика, ою-өрнек, ат мәдениеті, дәстүрлі қолөнер, музей коллекциясы, көшпелі мәдениет, мәдени мұра

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі (АОТӨМ)  қорында сақталған қазақтың дәстүрлі ер-тоқымдары мен ат әбзелдерінің типологиялық, көркемдік және семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу барысында музей коллекциясындағы үйрек бас ер, қозықұйрық ер, шошақ бас ер, сүйектелген бала ері және тоқым үлгілері ғылыми тұрғыдан талданып, олардың құрылымдық ерекшеліктері, жасалу технологиясы мен көркемдік безендірілуі сараланды. Ер-тоқымдардың ою-өрнектері мен символдық элементтерінің мән-мағынасы анықталып, олардың қазақ халқының дүниетанымымен, әлеуметтік қатынастарымен және рухани құндылықтарымен байланысы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері ер-тоқымдардағы көркемдік дәстүрлердің сақ-скиф, түркі және ерте көшпелі мәдениеттерден бастау алатын тарихи сабақтастығын айқындайды. Музей қорындағы ат әбзелдері қазақ халқының ат мәдениеті мен дәстүрлі қолөнерінің маңызды тарихи-этнографиялық дереккөзі ретінде бағаланады.

Мақаланың мақсаты – аталған музей қорындағы ер-тоқым үлгілерінің типологиясын жүйелеу. Олардың құрылымдық ерекшеліктерін, жасалу технологиясы мен көркемдік безендірілуі негізінде жіктеу. Сонымен бірге, әрбір үлгінің семантикалық мәні, яғни ондағы ою-өрнек, пішін және материалы арқылы берілетін символдық мағыналарын талдап, қазақ халқының рухани-мәдени кеңістігіндегі орнын айқындау.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30