ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ ҚОРЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ҮДЕРІСІ: ЖҮЙЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

##article.authors##

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.05

Түйінді сөздер:

музейтану, цифрландыру, музей қорлары, CIDOC CRM, семантикалық құрылымдау, мәдени мұра, ақпараттық жүйелер, интеграция, жасанды интеллект

Аннотация

 

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан музей қорлары деректерін цифрландырудың қазіргі жағдайы, негізгі жүйелік мәселелері және оларды интеграцияланған ғылыми-ақпараттық кеңістікке біріктіру жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халықаралық тәжірибемен салыстыра отырып, отандық музейлік цифрландыру үдерісіне кешенді талдау жүргізу және музейлік деректер кеңістігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарын негіздеу. Қолданыстағы нормативтік құжаттар музей заттары туралы негізгі есептік және сипаттамалық мәліметтерді қамтығанымен, музейлік ақпаратты толық семантикалық модель ретінде ұйымдастыруды арнайы көздемейді. Атап айтқанда, музей затының реставрация тарихы, сақталу жағдайының уақыт бойынша өзгеруі, ғылыми әдебиеттермен байланысы, басқа музей заттарымен типологиялық немесе тарихи байланысы, тұлға, оқиға, орын және кезең сияқты контекстік байланыстары толық құрылымдалған дерек ретінде жүйеленбеген. Сонымен қатар фотосуретке қатысты 300 dpi талабы көрсетілгенімен, көпракурсты ғылыми фотоқұжаттау, фон, жарық, масштабтық сызғыш, түс шкаласы, файл атауы, метадерек және ұзақ мерзімді цифрлық сақтау тәртібі нақты регламенттелмеген.

Осы тұрғыдан алғанда, қазақстандық нормативтік базаны халықаралық музейлік құжаттау және деректерді модельдеу стандарттарымен салыстыра талдау маңызды. Сонымен қатар қолданыстағы ақпараттық жүйелер арасында жүйелі интеграцияның жеткіліксіздігі, терминологиялық бірізділік пен семантикалық құрылымдаудың толық қалыптаспағаны анықталды. Қорытынды ретінде музейлік деректерді тек электрондық форматқа көшіру жеткіліксіз екені, оларды тұрақты идентификаторлар, басқарылатын анықтамалықтар, семантикалық байланыстар және жүйеаралық дерек алмасу тетіктері арқылы ұйымдастыру қажет екені негізделді. Осы мәселелерді шешудің тиімді бағыты ретінде CIDOC CRM стандартымен үйлестірілген, «бір рет енгізу – көп рет пайдалану» қағидасына негізделген орталықтандырылған ұлттық музейлік деректер порталының тұжырымдамалық моделі ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30