ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР

##article.authors##

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.10

Түйінді сөздер:

этнос, казақ, қырғыз, мәдениет, тіл, өнер, тарих-мәдени байланыс, мұра, ынтымақтастық

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада қазақ және қырғыз халықтарының ғасырлар бойы қатар өмір сүруі мен этномәдени өзара ықпалы нәтижесінде қалыптасқан мәдени-тарихи ортақтығының ерекшеліктері қарастырылады. Екі туысқан халықтың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-жораларының, ауыз әдебиеті мен әдеби дәстүрлерінің, сондай-ақ рухани және материалдық мәдениетінің өзге де қырларының ұқсастықтарына ерекше назар аударылады. Ұзақ тарихи кезең бойы қазақ-қырғыз этномәдени байланыс аймағында, соның ішінде аралас қоныстанған өңірлерде, этносаралық қарым-қатынастардың дамуына қолайлы жағдайлар қалыптасып, өзіндік тарихи-мәдени үдерістердің өрістеуіне және тұрақты мәдени байланыстардың орнығуына ықпал етті.

Қазақтар мен қырғыздар арасындағы мәдени және тілдік өзара ықпалдастықтың қарқындылығы әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктерімен, әртүрлі тарихи кезеңдердің жағдайларымен, мемлекеттік ұлттық саясатпен және басқа да факторлармен айқындалды. Сонымен қатар шығу тегінің ортақтығы, тілдік жақындық және дүниетанымдық ұқсастықтар екі халықтың тарихи-мәдени бірлігін сақтап, ортақ дәстүрлердің қазіргі заман жағдайында да жалғасын табуына мүмкіндік берді. Зерттеу салыстырмалы-салғастырмалы және типологиялық әдістерді қолдануға, тарихи-мәдени артефактілерді талдауға, сондай-ақ далалық этнографиялық зерттеулер материалдарына негізделген. Оның басты мақсаты – қазақ және қырғыз халықтарының мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңызы екі халықтың тарихы мен мәдениеті туралы гуманитарлық білімді кеңейтуге, сондай-ақ ортақ түркілік мәдени мұра құндылықтарын өзектендіруге қосқан үлесімен айқындалады. Алынған нәтижелер мәдениетаралық өзара әрекеттестік үдерістерін тереңірек түсінуге және Орталық Азия халықтарының тарихи жадын сақтауға ықпал етеді.

Жарияланды

2026-06-30