ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ: ДЕРЕК КӨЗДЕРДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ

##article.authors##

  • Нурлан Атыгаев

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.08

Түйінді сөздер:

Қазақ хандығы, терминология, қазақтар, жазба деректер, Дешті Қыпшақ, хан

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада тарихи дерек көздерде Қазақ хандығына қатысты кезедесетін терминология қарастылады.

Жұмыстың дерек көздері Шығыста жазылған мұсылман тарихи және тарихи-географиялық шығармалар мен орыс архивінде сақталған құжаттар материалдары.

XV ғасырдың екінші жартысында Еуразия даласында қалыптасқан қазақ халқының ұлттық мемлекеті Қазақ хандығына қатысты тарихи  жазба дереккөздерде  түрлі терминдер қолдалынған. Мысалы, шығыс мұсылман дерек көздерінде ол «Қазақ ұлысы», «Қазақ ел-ұлысы» деп аталады. Ал орыс архивінде сақталған құжатамалық материалдарда Қазақ хандығы «Казакская (Казатцкая, Кайсацкая, Киргиз-казацкое, Киргис-кайсацкая, Казачья) ордасы» деген атау алады. Сонымен қатар оған қатысты «Бараков Царев Казацкий юрт» және «Урусов царев юрт» деген тіркестер қолданылғаны белгілі. Ал Еуропа деректерінде Қазақ хандығы «Cassack horde» («Қазақ Ордасы») деген атаумен белгілі. Сондай-ақ кейбір парсы тіліндегі деректерде Қазақ хандығына қатысты «дәулет»  (мемлекет) термині қолданылса, кейбір орыс елшілік құжаттарының мәтіндерінде ол «государство» (мемлекет) аталған. XVIII ғасырдағы қазақ билеушілері Әбілқайыр хан мен Абылай ханның хаттарында («Алаш(ц)ские улусы») және «Алаш жұрты» («Алацкий йурт /  владения») терминдер кездеседі. XVI ғасыр 30-шы жылдардан бастап жазба мұсылман дерек көздерінде қазақ жерлерін белгілеу үшін «Қазақстан» – «Қазақтар елі» термині қолданыла бастайды. «Қазақ хандығы» терминін алғаш рет қазақ зерттеушісі М. Тынышпаев қолданған. Шығыс жазба деректерінде қазақ хандығының билеушілеріне қатысты «хан» және «хакан» деген терминдер қолданылса, орыс деректерінде олар «царь» (патша) терминімен аталады. Қазақ билеушілеріне қатысты парсы тіліндегі жазбаша дерек көздерде «падишах» термині қолданылады.

Тарихи дерек көздерде қолданылған терминологияны зерттеу Қазақ хандығының XV-XVIII ғасырдың басында егеменді мемлекет болғанын және оны басқа мемлекеттер халықаралық-құқықтық тұрғыдан мойындағанын көрсетеді. Көрші мемлекеттер билеушілерінің қазақ хандарын дербес мемлекеттің билеушілері ретінде қарастырғаны және олардың жоғары мәртебесін мойындағаны тарихи деректерде анық байқалады.

Сілтеме жасау үшін: Атығаев Н.Ә. Қазақ хандығы: дерек көздердегі терминология // MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 85-96 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.08

Жүктеулер

Жарияланды

2023-07-23