«ӨРКЕНИЕТТІЛІК МИССИЯСЫНЫҢ» ТҰРАҚТЫ ТАРИХИ ҮГІТ-НАСИХАТ ҚҰРАЛДАРЫ: РЕСЕЙ ТҮРКІСТАНДА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.06Түйінді сөздер:
стереотиптер, шығыстану, экзотизация, базарлар, ТүркістанАннотация
Аңдатпа. Мақалада Түркістанның байырғы халықтарына қатысты ең көп таралған стереотиптер талданып, жүйеленеді. Ресейдің XIX ғасырдың екінші жартысында Орталық Азияның бағындырылған жерлеріндегі отаршылдық саясаты әскери агрессияны және аймақты отарға айналдыруды ақтау үшін Түркістанның бағынышты халықтары туралы үгіт-насихаттық клишелер мен стереотиптерді жиі қолданды. Зерттеу барысында Ресей империясы дәуіріндегі автордардың еңбектері, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдеріндегі заманауи ғылыми зерттеулер негізге алынды.
Зерттеудің мақсаты – қарастырылып отырған кезеңдегі орыс дереккөздерінде жергілікті халықты бейнелеудің өзіндік ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар мәдени бірегейлік және/немесе «артта қалушылық» туралы қалыптасқан стереотиптер мен бағалаушылық көзқарастарға талдау жасау. Орыс және ағылшын тілдеріндегі тарихи (Ресей империясы кезеңі) және заманауи ғылыми зерттеулерді салыстыру Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін түсіндірудегі әртүрлі тәсілдерді айқындады.

