XIV-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ТҮРКІ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘЛІМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.06Түйінді сөздер:
Жошы ұлысы, Шығыс Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Ақ Орда, Рашид ад-Дин, Әбд әл-Ғаффар Қырыми, Өтеміс қажы, «Қара таварих»Аннотация
Аңдатпа. Мақалада XIV-XV ғасырлардағы Жошы ұлысының тарихы туралы кейінгі кезеңдегі түркі шығармаларының кейбір тарихи мәліметтері қарастырылған. Атап айтқанда, Өтеміс қажының «Қара таварих» еңбегінің мәліметтеріне және олардың шынайылығына ерекше назар аударылады. Өтеміс қажы қолжазбасының толық нұсқасының жариялануы Қазан қаласында құрылған Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы Шихабутдин Марджани атындағы Тарих институтының Миркасым Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығы, осы орталықтың басшысы, белгілі ғалым, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымдарының кандидаты Ильнур Миргалеевтің еңбектерінің арқасында мүмкін болды. Бұл орталықта басқа да тарихи деректер мен қазіргі заман авторларының зерттеулері жарық көрді. Олардың қатарында Рашид ад-Дин, Әбд әл-Ғаффар Қырыми, Өтеміс қажының бұрындары аса танымал болмаған еңбектері, Ақдес Немет Кураттың және т.б. зерттеулер жинағы бар. Бұл жұмыс Жошы ұлысы мен Ақ Орда тарихына қатысты осы дереккөздер мәліметтері мен зерттеулерді талдауға арналған.
Сілтеме жасау үшін: Өскенбай Қ.З. XIV-XV ғасырлардағы Жошы ұлысының тарихы туралы
кейінгі кезеңдегі түркі шығармаларының кейбір мәліметтері және олардың шынайылығы //
MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 56-66 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.06