ТАТАРСТАННЫҢ ЛАИШЕВ АУДАНЫНАН ТАБЫЛҒАН XIII Ғ. МЫС ДИНАРЛАР КЕШЕНІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.08Түйінді сөздер:
монета, динар, олжа, метрология, ән-Насир, Мөңке, Еділ Бұлғариясы, XIII ғ., Саламыково, ТатарстанАннотация
Аңдатпа. Мақала Татарстанның Лаишев ауданындағы Саламыково елді-мекені маңынан табылған Бұлғарда соғылған мыс монеталардың зерттеу нәтижелеріне арналған. Ән-Насир халиф пен Мөңке қағанның есімдері белгіленген барлығы 195 дана монета табылды. Автордың пікірінше, олар 1230-1250 жж. соңына жатады. Метрологиялық талдау барысында салмақ көрсеткіштерінің ауытқуы 0,6-дан 5,2 г. дейінгі аралықты қамтитыны және гистограмманың ең жоғары мәні 2,2±0,2 г. көрсеткішіне сәйкес келетіні анықталды. «Бұлғарда соғылған динар» деген легендасы бар бір дана монета жеке талданады. Бұлғар қалашығы мен Чақма қонысы кешендерінің ұқсастықтары қарастырлады.

