ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДАҒЫ КІЛЕМ ЖӘНЕ КИІЗ БҰЙЫМДАРЫ

##article.authors##

  • Бибипатима Бағдаулетова Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.10

Түйінді сөздер:

кілемдер, ғұрыптар, кілем тоқу өнері, дәстүрлер, қазақтар, ою-өрнек, отбасылық жады

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада қазақ халқының отбасылық ғұрыптарындағы кілемнің орны мен маңызы қарастырылады. Этнографиялық материалдар, ғылыми әдебиеттер және музей қорындағы музейлік заттар негізінде кілемдердің дайындалу ерекшеліктері, тұрмыстық және ғұрыптық қолданысы, сондай-ақ олардың қазақ халқының үйлену, отбасылық, жерлеу т.б. дәстүрлеріндегі қызметі талданады. Кілемнің сыйлық, қалыңдықтың жасауы құрамының маңызды бөлігі, марапат және әлеуметтік мәртебе көрсеткіші ретіндегі мәніне, сондай-ақ оның отбасылық жадыны сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылады. Дәстүрлі қазақ мәдениетін зерттеудің маңызды дереккөзі ретінде музей қорындағы кілем және киіз бұйымдары негізінде кілем тоқу өнерінің өңірлік ерекшеліктері мен маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, кілем тоқушы әйелдердің қолөнер дәстүрін сақтау мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі ерекше рөлі көрсетіледі. Кілем жасау технологиясының,  ою-өрнек тілінің және кілеммен байланысты отбасылық тәжірибелердің сақталуы кілем тоқу өнерін тек көркем қолөнер ретінде ғана емес, мәдени тәжірибені ұрпақаралық жеткізудің маңызды тетігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты қолдау мен халықтық дәстүрлерді жаңғыртудың, сондай-ақ кілем тоқу өнерінің рухани және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін кешенді зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Жарияланды

2026-09-25