ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ТҰРАҚТЫ БАСПАНАЛАР

##article.authors##

  • Берік Байболов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы (161200, Түркістан қ-сы, Әйтеке би 1Б, Қазақстан), философия магистрі. https://orcid.org/0000-0001-5131-418X

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.11

Түйінді сөздер:

баспана, кепе, жеркөпе, жертөле, тошала, шошала, қақыра, қоржын үй

Аннотация

Аңдатпа. Баспана – адамдардың материалдық мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналған, көне дәуірлерден бері қоршаған ортамен өзара тығыз байланыста қарастырылып келе жатқан негізгі ұғымдардың бірі. Ол тұтас халықтың табиғат жағдайы мен географиялық бітімге ыңғайланып қалыптасқан тұрмыс-салтын анықтайды. Адамзат баласы табиғи және өзінің тіршілік ортасына бейімделу барысында жердің қырат-ойысына, рельефіне сәйкес баспана мен тұрғын жайларды сала бастады. Қазақ халқының өмір сүру деңгейінде де баспананың өзіндік маңызды рөлі болды.

Мақалада қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде өзіндік орны бар тұрақты баспаналарға ғылыми зерттеу тұрғысында сипаттама беріледі. Зерттеу мақсаты – қазақ этнографиясының бір бөлшегі саналатын тұрақты баспаналарға сипаттама беріп, оларды халық жадында сақтау, өскелең ұрпақ бойына бай мұраларымызға деген құрметті қайта жаңғырту.

Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың ең алғашқы отырықшылыққа көшу мерзімі соңғы қола дәуіріне жатқызылады. Рулық-тайпалық құрылыс кезеңінде мекендеген халық аңғарлар мен өзен, көлдің құйылыстарында мал шаруашылығымен қатар егіншілікті ұштастыра білген. Қола дәуірінің соңғы кезінен-ақ жергілікті тұрғындар тастан үй салып отырықшылыққа үйренгендігін археологиялық зерттеу жұмыстары байқатады. Мұндай қола дәуірінің ең соңғы кезеңіне жататын ертедегі халықтың тұрақты ірі орталығының бірі Қостанай облысы, Тобол өзені бойындағы Алексеевка қорғанының маңайынан табылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-25