ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАЙБҰҒА ӘУЛЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.07Түйінді сөздер:
Жошы ұлысы, Тоғырыл хан, Тайбұға ұлысы, Керейлер, Сібір жылнамаларыАннотация
Аңдатпа. XIII ғ. бірінші ширегінде Жошы ұлысының құрылуымен бірге Орта Ертіс, Тобыл, Есіл және Тұра өзендерінің аңғарында түркі тілдес тайпалар бірлестігі қалыптасты, ол тарихта Сібір ұлысы деп аталды. Орталығы Искер (Кашлык, Сібір) қаласы еді. ХVІ ғ. басында Сібір ұлысы Тайбұға әулетінің билігінде болды. Алғашқы тайбұғалықтардың Мұхаммед бек басқарған дербес билеушілері Шибанид Сайд Ибрахим ханды өлтіріп, өз қол астына Батыс Сібірде бытыраңқы түркі ұлыстарын біріктірді. Сөйтіп Тайбұға әулеті жер аумағы үлкен, бірақ бір-бірімен байланыстары әлсіз ұлыстардан тұратын мемлекетте билікке келді.
Мақаланың мақсаты Сібірде билік құрған Тайбұға әулетінің Жошы ұлысының тарихындағы орнын көрсету. Мақалада Тайбұға әулеті керей руынан тараған әулет екенін дәлелденіп, найман тайпаларының да орны болғаны талданып, тарихи тұлғаларына сипаттама беріледі.
Басты тарихи дереккөздер ретінде Сібір жылнамалары, шығыс тарихи еңбектері пайдаланылған. Мақалада әдістеме ретінде тарихилық принцип негізге алынды, жүйелеу, салыстыру әдістері қолданылды. Аймақтану теориясы тұрғысынан талдау жасалынды.
Тайбұғалықтар мекені Сібірде болған, олар Жошы ұлысының бір бөлігін құрады. Тайбұға ұлысының құрылуы түрік және түркіленген жергілікті татар-угор халқының оңтүстік көшпелілерінің қысымына қарсы жауап ретінде болды.
Тайбұға әулеті Сібірдегі көптеген түркі тайпаларымен бірге болып, өз мемлекетін құрған. Керейлер қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлес қосқан ірі тайпалардың бірі болды.
Сілтеме жасау үшін: Шамшиденова Ф.М. Жошы ұлысының тарихындағы Tайбұға әулеті // MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 67-84 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.07