X ҒАСЫРДЫҢ КҮМІС МОНЕТАЛАРЫНЫҢ БІРЕГЕЙ ТАРАЗ КӨМБЕСІ

##article.authors##

  • Павел Н. Петров

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.09

Түйінді сөздер:

көмбе, дирһем, дирһем сынықтары, Саманидтер, Төменгі Барысхан, Тараз қаласы

Аннотация

Аңдатпа. 2021-жылы қазіргі Тараз қаласының төңірегінен кездейсоқ X ғасырға жататын күміс монеталардың (дирһемдердің) сынған бөліктерінің ерекше көмбесі табылды. Табылған орынды ортағасырлық Төменгі Барысхан қаласының  рабаты деп топшылап отырмыз. Өте ұсақ сынықтардың көптігінен дирһемдердің жалпы санын нақты айту қиын. Көмбе құрамында монета тәріздес шекілмеген бірнеше күміс шеңберлер кездеседі. Атрибуциясы жасалған барлық сынықтар Саманидтер әулетіне тиесілі. Тек қана Саманидтердің монеталары сынықтарынан тұратын көмбе тұңғыш тіркеліп отыр, бұл көмбе X-ғасырдың аяғындағы тауар-ақша және бөлшек сауда қатынастарын көрсетеді. Көмбе иесі бөлшек саудамен айналысқандықтан аталмыш көмбе ұзақ уақыт жинақталғанға ұқсайды. Сондай-ақ, саудаланған тауар қымбат дүниелер емес, тек қана күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар екені анық. X ғасырдың аяғында Шығыста орын алған «күміс дағдарысы» өз құрамында тұтас күміс дирһемдер жоқ (немесе өте аз) көмбелердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Сілтеме жасау үшін: Петров П.Н. Уникальный таразский клад серебряных монет X века // MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). С. 97-104. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.09

Жарияланды

2023-07-23