ТАҒЫ ДА АЛТЫН ОРДАДАҒЫ БУДДИЗМ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.12Түйінді сөздер:
Жошы ұлысы, Маячный бугор, буддизм, жерлеу рәсімі, кремация, сүмбілі биіктікАннотация
Аңдатпа. Мақалада Астрахань облысындағы шикі кірпіштен соғылған «Маячный Бугор» қорымындағы үш ғимараттың археологиялық қалдықтарын зерттеуге арналған. Бұл әр жылдары зерттелген нысандар Алтын Орда заманындағы буддизмнің археологиялық қалдықтарын анықтау мәселесі тұрғысынан қызықты. В.П. Костюков буддалық қорымдарға тән негізгі белгілердің тізбесін ұсынып, буддизм белгілері бар ең көп зерттелген ескерткіштердің бірі «Маячный Бугор» қорымы екенін атап өтті. Қорымдағы ғимараттардың екеуі төртбұрышты шикі кірпіштен жасалған құрылыстар, олардың бірінде өртенген мәйіттің (кремация) қалдықтары және оның жанында мәдени өсімдіктердің күйген дәндері табылды. Екінші ғимараттан тиын табылған, ол Жошы ұлысы кезіндегі ең көне тиындардың бірі екені анықталған.
Үшінші ғимарат күрделі құрылымға ие болды – ішінде күйдіру іздері бар тік бұрышты негізгі ғимарат оңтүстіктен, шығыстан және солтүстіктен жабық жерлеу орнымен жалғасты, ол жерден бай заттар табылған.Ғимарат шикі кірпіштен өрілген дуалмен қоршалған жердің орта тұсында орналасқан, бұл жерден 11 қабір табылды, жерленгендердің бастары шығысқа бағытталған. Мақалада бұл құрылыс буддалық жерлеудің белгілеріне тән және буддизм мәдениетімен байланысты деген болжам айтылған. Салыстырмалы талдау сипатталып отырған құрылыс буддалық мемориалды ескерткіші субургамдарға жақындығын көрсетеді. «Маячный Бугор» сәулет құрылыстарының қалдықтары буддалық сүмбілі биіктіктің (пирамида) негізі болуы мүмкін.
Зерттеу материалдары Алтын Орда дәуіріне жататын Краснояр қалашығының қалдықтары болып табылатын «Маячный Бугор» жер қорымындағы қазба жұмыстарының нәтижелері. «Маячный Бугор» қорымының ерте салынған бөлігі анық көзге түседі, ол қорымда табылған тиындар арқылы XIV ғасырдың бірінші ширегінің басына жататыны анықталды.
Қабір буддалық жерлеу рәсіміне тән бірқатар нақты талаптарды сақтай отырып салынған. Қорымның ең ерте бөлігінде саз кірпіштен жасалған бірнеше құрылыстардың қалдықтары табылды, олардың үшеуі, ең жақсы сақталғаны мақалада сипатталды. Салыстырмалы әдістің көмегімен ғимараттардың жалпы және ерекше белгілері анықталды. Тарихи-археологиялық байланыстар тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы орнатылды. Хронологиялық атрибуция жерлеу кешендерінің салыстырмалы мерзімін нумизматикалық материалдар негізінде анықтау арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында археологиялық зерттеулер туралы мұрағат материалдары мен далалық есептер, сондай-ақ зерттеушілердің Алтын Ордадағы буддизм тақырыбына арналған талдамалы жұмыстары пайдаланылды.
Сілтеме жасау үшін: Васильев Д.В. Тағы да Алтын Ордадағы буддизм туралы // MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 120-126 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.12