МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ИНТЕРАКТИВТІ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ҚОРЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.01Түйінді сөздер:
музейтану, Орталық мемлекеттік музей, интерактивті-эксперименттік қор, музей заты, экспонат, экспозицияАннотация
Мақалада ҚР Мемлекеттік орталық музейінің (ҚР МОМ) интерактивті-эксперименттік қорды құру тәжірибесі, оның негізін құрап тұрған қазақтың ерекше ұлттық аспабы – домбыра, оның ұрпақ тәрбиесінде алатын орны туралы айтылады. ҚР МОМ интерактивті-эксперименттік қорын қалыптастыру үшін Қазақстан бойынша музейлер қорларында жинақталған домбыра нұсқалары, соның ішінде елімізді әлемдік деңгейде танытқан ұлы тұлғалардың домбыралары туралы мәліметтер жинақталды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің түсім кітаптары, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА) құжаттары, тақырып бойынша ғылыми әдебиет зерттеуге негізгі материалдар болды.
Мақалада әдістеме ретінде тарихилық принцип негізге алынды, жүйелеу, салыстыру әдістері қолданылды.