ИЗРАИЛЬ МУЗЕЙЛЕРІ: ЖЕКЕ КОЛЛЕКЦИЯЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕН ҰЛТТЫҚ ЖАД ПЕН БІРЕГЕЙЛІК ИНСТИТУТТАРЫН ҚҰРУҒА ДЕЙІН
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.03Түйінді сөздер:
музей ісі, тарих, Британ мандаты, Израиль, Палестина, Эрез Израиль, ұлттық бірегейлік, мәдени саясат, музей қоры, коллекциялар, көрмелерАннотация
Израильдегі Музей ісі мемлекет құрылған 1948 жылдан бастап есептейтін болсақ бар-жоғы 75 жыл, бірақ іс жүзінде Теодор Герцль жариялаған алғашқы сионистік жобаның басталған 1897 жылдан есептесек, онда оның тарихы 120 жылдан асады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1918-1948 жылдар аралығындағы Палестина Ұлыбританияның қол астында болды. Британдық мандатпен бірге урбанизм, білім мен мәдениет салаларындағы заманауи британдық тұжырымдамалар мен технологиялар келді. Олар болашақ Израильдің мемлекеттік мұра саласының заңнамасына және институционалдық дамуына үлкен әсер етті.
Осы 30 жылдың тарихы көптеген америкалық және израильдік зерттеушілердің еңбектерінде талданып, сипатталған, олардың арасында Раз Клеттер, Шимон Гибсон және Галия Бар Ор жазған мақалалар ерекше көзге түседі. Дегенмен, музейлер тарихына қатысты көлемді материалды баяндау тұрғысынан қазіргі мәдени саясат пен халықаралық тенденциялар, оның ішінде соңғы кездегі саяси және этикалық мәселелер тұрғысынан түзетулер мен толықтырулар енгізуге әлі де мүмкіншілік бар. Мақалада автор Израильдегі музей ісінің дамуының үш негізгі кезеңін қарастырады.
Зерттеуге ғылыми басылымдар, Израиль ежелгі мұралар басқармасының, Еврей университетінің Археология институтының мұрағатындағы, Израиль Ұлттық кітапханасының мұрағатындағы құжаттар арқау болды. Жұмыста тарихи және сыни талдаудың классикалық әдістері, сонымен қатар мұрағаттық құжаттарға мазмұндық талдау әдісі пайдаланылды. Израильдің қазіргі өзекті мәдени саясаты мен әлемдік музей үрдістері тұрғысынан ретроспективті көзқарас қолданыстағы бірнеше стратегияларға қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.