«МАНЬЧЖУР ЖОЛБАРЫСТАРЫ». VII-XIII ҒҒ. МОҢҒОЛ ЖӘНЕ ТҰҢҒЫСТІЛДІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ

##article.authors##

  • Ярослав Пилипчук М. Драгоманов атындағы Украина мемлекеттік университеті (Украина)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.04

Түйінді сөздер:

Бохай, мохэ, қидандар, Ляо империясы, чжурчжендер, Цзинь империясы, , Қытай, моңғолдар, мемлекеттілік, Қиыр Шығыс

Аннотация

Мақала VII-XIII ғасырлардағы Маньчжуриядағы монғол тілдес және тұнғыс тілдес тайпалардың мемлекетілігі тарихына арналған.

Жұмыстың мақсаты, міндеті: мохе, кидандар мен чжурчжендердің саяси тарихын талдау, Бохай мемлекеті, Ляо және Цзинь империяларында болған саяси және этникалық процестерді көрсету.

Мақалада проблемалық-хронологиялық және салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылады. Проблемалық-хронологиялық әдіс Қиыр Шығыстың орта ғасырлардағы дамуының жалпы заңдылықтарын іздеуден тұрады.  Бохай, Ляо империясы және Цзинь империясын салыстыру үшін компаративтік әдіс пайдаланылады.

Жұмыстың жаңалығы VII-XIII ғасырлардағы Қиыр Шығыс тарихын панорамалық түрде көрсетуінде және осы аймақтағы мемлекеттіліктің дамуының кейбір заңдылықтарын анықтауында. Қиыр Шығыс топырағында пайда болған алғашқы мемлекет сумо мохе тайпасының көсемдері құрған Бохай мемлекеті болды. Бұл халқы тұнғұс тілінде сөйлейтін алғашқы мемлекет болды. Ол архитектурада қытай тәжірибесін, ал мемлекеттік басқарудағы Гогурё тәжірибесін алды. Мемлекеттің құрылуы оның Тан империясынан алыста орналасуында және түркі және моңғол халықтарының Қытай қаупіне қарсы жүрген күресі арқасында мүмкін болды. Бохайдың билеуші әулеті Да үйі болды. Бохайдың ең қауіпті жауы қидандар болды, 926 жылы олар Бохайды талқандады. Бохайдың шынайы мұрагері У әулеті басқарған Динан мемлекеті болды, ол 995 жылға дейін қидандарға қарсы күресті. Қидандар Еуразия даласының шетіндегі, Қытаймен шекаралас монғол тілінде сөйлейтін халық болды. Дала қағанаттары мен Қытай империяларына олардың тәуелді болуының да себебі осында. Қидандардың Ляо империясының нағыз негізін салушы Елюй Апоки болды, ол қытайлықтарға және дала көшпенділеріне қарсы үлкен жорықтар жүргізді. Император Елюй Апоки тұсында Ляо империясы құлдырады. Су империясы мен моңғол тілді цзубу көшпелілеріне қарсы күреске үлкен ресурстар жұмсалды. Бұл күрес қидандарды чжурчжендерге қарсы соғыстардан көңілін бұрды. Чжуржендерге қарсы соғыс аса маңызсыз күрес болып саналды, бұл Чжурчжен мемлекетінің күшеюіне мүмкіндік берді. Чжурчжендердің көсемі Ингэ Ляо империясының шетінде қуатты мемлекет құрды. Оның мұрагері Агуда қидандықтардан тәуелсіздік алып, чжурчжендердің Цзинь империясының құрылғанын жариялады. Агуда Қидан мемлекеттілігін шайқатты, ал келесі чжурчжендердің императоры Уцимай Ляо империясын толығымен жойды. Қидандар сияқты чжурчжендер де шеткі аймақтардағы оқиғаларға тиісті назар аудармады және Еке Моңғол ұлысының құрылуын байқамай қалды. Чжурчжендердің Ляо империясын талқандағаны тәрізді, моңғолдар Цзинь империясын құлатты.

Автор өмірбаяны

Ярослав Пилипчук, М. Драгоманов атындағы Украина мемлекеттік университеті (Украина)

Тарих ғылымдарының докторы, М.П. Драгоманов атындағы Украина мемлекеттік университетінің Тарих және философия факультетінің Дүниежүзілік тарих және археология кафедрасының аға оқытушысы, Киев қ., Украина.

Жарияланды

2023-10-02