XVIII-XIX ҒАСЫРЛАРДА ҚОЛДАНЫСТА БОЛҒАН ҚАЗАҚ ХАН-СҰЛТАНДАРЫ, БИЛЕРІ ЖӘНЕ СТАРШЫНДАРЫНЫҢ МӨРЛЕРІ ХАҚЫНДА

##article.authors##

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.05

Түйінді сөздер:

деректану, сфрагистика, мөр, хан, сұлтан, билер, старшын, билік жүйесі, эпистолярлық мұра, Ресей империясы, Орталық Азия

Аннотация

 Автор мақалада XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ билік жүйесі өкілдерінің, яғни хан-сұлтандардың, билердің және старшындардың эпистолярлық мұраларындағы мөрлердің қолданылу аясы, түрлері, мақсаты мен қызметі туралы баяндайды. Мөрлердің тарихы ертерек дәуірлерден бастау алатындығы белгілі. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басына күн туып, Ресей империясына еріксіз түрде бодан болды. Патшалық Ресей қазақтың үш жүзінің арасына от салып, билеп төстеудің  алуан түрлі әккі саясатын қолданды. Хандық жүйе құлағаннан кейін ел басқаруда аға сұлтандық және билер институттары құрылды. Қазақ хандығы құрамындағы осы үш жүздің билік жүйесі өкілдерінің арнайы мөрлері пайда болады. Осы орайда, Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде  Кіші жүздің, Омбы облыстық тарихи архивінде Орта жүздің, ал Ұлы жүздің билеуші топтарына қатысты мөрлердің әртүрлі нұсқалары (қағазға басылған түрі) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық архивінде хат-құжаттарда соғылғандығын осы ғылыми орталықтарға арнайы ұйымдастырылған іссапаралар барысындағы іздестіру жұмыстары нәтижесінде анықталғанын айта кеткеніміз жөн. Біздің негізгі мақсатымыз зерттеу нысанасына алынып отырған аталмыш хат-құжаттардағы мөрлерді түпнұсқадан дұрыс аударып, мәтін аясында берілген лауазым иелері есімдерін дұрыс оқып, анықтап ғылыми айналымға енгізу.

Автор өмірбаяны

Жасулан Белтенов, ҚР Мемлекеттік орталық музейі

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекшісі

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-02