ЗАМАН ШАХ БИЛІГІ: ДУРРАНИ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ САҚТАП ҚАЛУ ӘРЕКЕТІ

##article.authors##

  • Заринэ Әлиқызы Джандосова Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.06

Түйінді сөздер:

Ауғанстан, Дуррани империясы, Заман шах Дуррани, Ахмад шах Дуррани, пуштундар, көшпенділер, трайбализм, монархия, билік дағдарысы, мемлекет дағдарысы

Аннотация

Мақалада Ауғанстанның империялық мәртебесін ғана емес, сонымен бірге оның аймақтық ірі мемлекет мәртебесін де сақтап қалу жолында үлкен күш салған ауған әулеті Дурранидің үшінші өкілі Заман шахтың (1793-1801) билік еткен кезеңі қарастырылады. Заман шах әрекеттерінің нәтижесіз болуының себептері, оның ішінде тек империяның күйреуі ғана емес, Ауғанстан мемлекетінің бөлшектенуі себебі де анықталады. Ауғанстан мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауының ішкі себептері, пуштун орталығына қарсы өзге тайпалардан құралған шет аймақтардың бөлінуі және жекелеген тайпалардың билік үшін күресі екені атап өтіледі. Ал мұның сыртқы себептері ең алдымен, Еуропалық отаршыл империялардың «Ұлы ойыны» басталуымен байланысты екені айтылады. Бұл Дуррани империясының негізін қалаған Заман шахтың атасы және саясаттағы үлгісі болған Ахмад шахтың (1747-1773) билігі кезеңімен салыстырғанда елеулі өзгерістер кезеңі еді. Жұмыста ауғандық парсы тіліндегі «Тарих-и Сұлтани» және «Сирадж ат-Таварих» дереккөздер, сондай-ақ ағылшын, ауған, кеңес және орыс тарихшылары жинаған материалдар талданады.

Автор өмірбаяны

Заринэ Әлиқызы Джандосова, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей)

Тарих ғылымының кандидаты, доцент, Азия және Африкатану факультетінің Орталық Азия және Кавказ кафедрасының меңгерушісі, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті

Жарияланды

2023-10-02