НИМИЧ-ҚАСЫ КӨМБЕСІНДЕГІ (ЧУВАШИЯ) ПУЛАД ХАН МОНЕТАЛАРЫ ХАҚЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.08Түйінді сөздер:
дирхам, тиын, көмбе, Алтын Орда, Чувашия, XV ғАннотация
Мақала Алтын Орда ханы Пуладтың (1407-1410) атынан соғылған күміс монеталарды типологиялық және метрологиялық тұрғыдан зерттеуге арналған. Нимич-Қасы елді мекенінен табылған көмбе құрамындағы монеталар Москвадағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы. Зерттелген дирһемдердің жалпы саны 189 дана, олар Бұлғар, Бұлғар Әл-Жадид, «Раджан» және Сарай ақша сарайларында соғылған. Қарастырлып отырған Пулад монеталарының барлығы 0,74±0,02 г. салмақпен есептеліп соғылған. Пулад атынан соғылған Нимич-Қасы және бұрын жарияланған Измер көмбелері монеталарының метрологиясы салыстырылып беріліп отыр. Авторлар екі көмбе монеталарының метрологиялық сипаттамалары бір-бірінен алшақ кетпейтіндігін алға тартады. Мақала соңында екі фотокесте беріліп отыр.
Зерттеу материалы ретінде Мемлекеттік тарих музейінің қорында сақтаулы, жалпы саны 189 дана Нимич-Қасы көмбесінің Пулад хан есімімен соғылған Жошы монеталары қолданылды. Типология және метрология жұмыстың негізгі зерттеу әдістері болып табылады. В.П. Лебедев (2007) тарапынан ұсынған типология негізінде барлық монеталар тоғыз түрге бөлінді (П 1 – П 8 және П 10. 28). 28 немесе одан да көп монеталар үшін, яғни монеталар санының өз салмақтарымен өзара тәуелділігіне байланысты төрт гистограмма құрастырылды. Салмақтарына қатысты мәліметтерді анықтау кезінде салыстыру тәсілі қолданылды.