ПЕТЕРБУРГ КУНСТКАМЕРА ЖИНАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ СӘУКЕЛЕЛЕРІ (САҚТАЛУ ТАРИХЫ, СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҒҰРЫПТЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ РӨЛІ)
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.09Түйінді сөздер:
РҒА МАЭ, Қазақстан, салтанаттық бас киімдер, этнографиялық топтамалар, фото иллюстрациялық материалАннотация
РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейінің (Кунсткамера) коллекциясында қазақ мәдениетіне қатысты Қазақстанның әр өңірінен жиналған және XIX ғасырдың ортасы – XX ғасырдың бірінші ширегіне жататын әйелдердің салтанаттық төрт бас киімі – сәукелелер сақталған. Қазақ мәдениетін зерттеушілердің сәукелеге деген қызығушылығына қарамастан, бұл бас киімді безендірудің көптеген аспектілері, қолданылған бейнелердің семантикасы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген. Мақаланың мақсаты – осы музей заттарын этнографиялық дереккөз ретінде кең ғылыми айналымға енгізу, қазақтардың мәдениетінде бас киімнің бұл түрінің тарихы мен қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Мақала РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейінің (Кунсткамера) заттарын ғылыми аннонтациялау нәтижелеріне негізінделген. Қосымша дереккөздер ретінде музей құжаттамалық деректер (музей тізімдемелері), АЭМ мұрағаттық материалдары мен РҒА мұрағаты материалдары пайдаланылды. Иллюстрациялық материалдар ретінде РҒА АЭМ қорларындағы және автордың жеке жинағындағы фотосуреттер берілген. Зерттеуде салыстырмалы тарихи-семантикалық талдау әдістері қолданылды.