ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚЫ ОРТАДАҒЫ КИМЕШЕКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ: СИПАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.10Түйінді сөздер:
жаулық, кимешек, күлəпара, төбелдірік, иектік, музей қоры, атрибуция, фотоқұжат, көшпелі өмір салты, отырықшы мәдениетАннотация
Ғылыми мақалада қазақ әйелдері киген кимешектің дәстүрлі қазақы орта алатын орны, сипаты мен қолданыстық ерекшелігі туралы сөз болады. Автор кимешектің қалыптасуына экологиялық жағдай мен көшпелі орта əсер еткендігін, бастапқыда оны қарттар кигенін, уақыт өте келе дүниеге бірінші баласын әкелген әйелдер де кие бастағанын, бірақта қазақ көшпелі шаруашылықтан отырықшылыққа ауысқаннан кейін кимешектің қолданыстан шығып қалғаны туралы айтады. Мақаланы жазу барысында зерттеушілер Н.И. Гродеков, Б.А. Куфтин, Р. Карутц, Х. Арғынбаев, И.В. Захарова, Р.Д. Ходжаева, Н.П. Лобачева және т.б. ғалымдар еңбектерімен қатар, «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» жинағы, «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» сияқты көлемді еңбектер пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР МОМ-ның ғылыми-зерттеу жобалары аясында Қазақстан, Ресей музейлері қорынан алынған фотоқұжаттар пайдаланылды.