ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.01Түйінді сөздер:
Ақтөбе облысы, этностар, нуклеарлық, кеңейтілген және құрама отбасылар, үй шаруашылықтарыАннотация
Баяндамада Ақтөбе облысының қазіргі тұрғындары, қазақтар және олармен қарым-қатынастағы басқа да этностардың отбасы мен некенің негізгі аспектілері зерттелінген. Бұл типологияда олардың толықтық дәрежесі (толық және толық емес), саны, бала тууы, балалар саны, жас және жыныстық құрамы, сонымен қатар азаматтық жағдайы ескерілді. Олардың барлығы әлеуметтік институт ретінде отбасының қажетті барлық негізгі параметрлерінің орындалуын жүзеге асыруға бағытталған.
Батыс аймақтың көршілес, сонымен қатар бүкіл республика бойынша облыстары бойынша сәйкес статистикалық мәліметтер салыстырмалы материалдар ретінде енгізілді. Отбасының басым түрі әртүрлі вариацияда нуклеарлы, сонымен қатар кеңейтілген үш буынды отбасылармен болатындығы анықталды. Олардан кейін ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы нәтижесінде құрылған немесе ажырасқаннан кейін пайда болған толық емес отбасылар, оның ішінде орта және одан жоғары жастағы балалары жоқ жалғызбастылар, сондай-ақ құрама отбасылар тұрады. Жергілікті қазақ халқы және олармен қарым-қатынастағы орыс, украин және т.б. этностардың әртүрлі типологиялық аспектілерде оларға тән түрлер мен құрылымдары бар отбасы-неке жағдайына назар аударылған.
Зерттеудің материалдары мен әдістері. Баяндама 1999 және 2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы Ұлттық халық санағының материалдарына, сондай-ақ автордың ҚР ҰҒА Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және АҚШ Висконсин университеті үйлестірген «Орталық Азия және Қазақстан республикаларындағы мал шаруашылығы» (1998–2000 жж.) атты халықаралық ғылыми жобасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Түркістандағы қазіргі этникалық және этномәдени үдерістер» (1996-1999 жж.), «Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі этникалық және этномәдени үдерістер» (2000-2002 жж.), «Отанға оралу: күту және шындық: оралмандардың қазақ қоғамына интеграциясының психологиялық мәселелері» (2012-2014 жж.), «Қазақстандағы проблемалық отбасылардың психологиялық контексі: этномәдени аспектілері» (2015-2017) атты гранттық тақырыбтарды жүзеге асыру негізінде ел арасынан этнографиялық экспедициялар кезінде жинаған деректерге негізделген. Негізгі зерттеу әдістері ретінде индукция мен дедукцияны, салыстыру мен жалпылауды, логика мен жүйелілікті қамтитын ғылыми ойлаудың жалпы қабылданған қағидаларын басшылыққа алдық. Осымен қатар біз тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, құрылымдық-функционалдық және т.б. кең тараған теориялық әдістерге кеңінен сүйендік.