ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ – МӘДЕНИ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН НЕГІЗГІ ҰЙЫМДАР

##article.authors##

  • Әлібек Күзербаев «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.12

Түйінді сөздер:

музей, мәдени саясат, тарихи жады, мәдени құндылықтар

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы тәуелсіздік жылдарында музейлердің пайда болу, көбею себептері мен динамикасы жан-жақты талқыланады. Мемлекеттік бағдарламалардың, үлкен мерейтойлық жылдардың, жаңадан табылған аса құнды жәдігерлердің музейлерді құруға тигізген әсері жөнінде айтылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ұлытауда мәдени туризмді дамыту бойынша алға қойған міндеттері сөз болады.

Материалдар мен зерттеу әдістері: қолданған материалдардардың басымы Қазақстан мәдениеті бойынша отандық ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеулері нәтижелері негізінде Қазақстанның тәуелсіздік кезінде жаңадан ашылған музейлері туралы деректер болды. Негізгі зерттеу әдісі – соңғы жылдары жүргізіліп жатқан мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде музейлердің қалыптасуы мәселелерін талдау болды.

Автор өмірбаяны

Әлібек Күзербаев, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры

Жарияланды

2023-12-30