МУЗЕЙ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРА: ДӘСТҮРЛІ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ (САНДЫҚТАНДЫРУ) ФОРМАТТАРЫНЫҢ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.13Түйінді сөздер:
мәдени мұра, музейлер, қорлар, коллекциялар, цифрландыруАннотация
Музей-қоғамның соңғы уақытта өзгерген күрделі сұранысқа ие әлеуметтік-мәдени институт. Музей объектілері тарихи мұраның рухани тәжірибесінде бірегейлікті іздестіру, шынайы дәстүрлі ұлттық құндылықтардың рөлі мен функциясын қалпына келтіру, әлеуметтік белсенділік тұрғысынан азаматтық қадір-қасиетті дәріптеу, мәдени верификация әдістері, музей ісін, музей қызметінің нысандарын, процестерін біріктіру арқылы адамдардың патриотизмі, сондай-ақ музей саясатының өзекті әлеуметтік-мәдени процестермен және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың нысандарымен алмасуы функциясын орындайды
Мақалада қазіргі заманғы қоғамда елеулі өзгерістерге ұшыраған музейлердің орны, рөлі мен музей жұмысының ауқымы, ресурсы, мақсаты мен ұйымдастырылуының жаңа деңгейін іздеуді қажет ететін инновациялық коммуникативті және цифрлық технологиялардың пайда болуы көрсетілген.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Зерттеуде салыстырмалы әдіс танымның жалпы ғылыми әдісі ретінде қолданды, мұнда салыстырылатын объектілердің (музейлердің) белгілері бойынша әртүрлі белгілердің ұқсастығы туралы қорытынды жасалады, сондай-ақ, музей коллекцияларын олардың себеп-салдарлық байланыстары тұрғысынан зерттеуді ғана емес, басқа музей объектілерімен өзара әрекеттесу кезінде олардың мәнін зерттеу объектісі ретінде зерттеуге бағытталған жүйелі тәсіл.