XIII ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭМИССИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ – КАЙДУ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.01.08Аннотация
Жұмыстың мақсаты Шағатай хандығының соғылымы ерекше зооморфтық мыс және
фәлстерінің анықтамасын нақтылау, Қазақстанның Жамбыл облысы Бесағаш ауылының маңында
орналасқан Ақтөбе археологиялық ескерткішінің ортағасырлық атауын анықтау болып табылады.
Оң жағында аң бейнесі салынған Шағатай хандығының екі мыс фәлстерінің жаңа нұсқасы
зерттелді. Олардың жиек легендаларында 68(9) һ.ж. / 1290-1291 б.д.ж. деген санмен жазылған жылы анықталды. Сондай-ақ осы мыс монеталар табылып жүрген Ақтөбе қалашығында бүгінгі
күнге дейін белгісіз болып келген «Парканд / Барканд / Беркенд» ақша сарайы атауымен соғылған
күміс дирһемдер де пайда бола бастады. Жазба ескерткіштерді зерттеу барысында 1255 жылы Мөңке
қағанның ордасынан қайтып келе жатқан патша Гетум I Талас өзенінің төңірегінде орналасқан осы
атаумен белгілі елді мекеннің маңынан өткендігі белгілі болды. Табылған дирһемдердегі ақша
сарайының атауы және Киракос Гандзакецидің «История Армении» деген жазба дереккөзіндегі
топонимнің аты біреуі араб, біреуі армян тілдерінде берілсе де бір-біріне әбден сәйкес келеді. Гетум
жүріп өткен жолда тағы бір ортағасырлық елді мекен Жамбыл облысы Бесағаш маңындағы Ақтөбе
археологиялық ескерткішінің орны нақтыланды. Сонымен қатар қазіргі Тараз маңындағы Жібек
жолының бір торабынан Шағатай хандығына тиесілі жаңа ақша сарайы табылды. Соған қарағанда
фәлстердің соғылған орны дәл осы жер болуы керек. Ол монеталар Парканд / Беркендте орналасқан
ортағасырлық эмиссиялық орталықта соғылып отырған.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Мақала материалдары – Жамбыл облысы, Бесағаш ауылы
(Ақтөбе археологиялық ескерткіші) маңында нумизматикалық экспедиция кезінде табылған
Шағатай хандығының зооморфтық бейнесі бар мыс ақшалар (фәлстар). Нумизматикалық
зерттеудің жалпы әдістері: метрология, топография, штамп талдау және т.б. қолданылды.