АРХЕОЛОГИЯ МУЗЕЙЛЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА МЕДИА КЕҢІСТІКТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

##article.authors##

  • Марина Беделбаева Тарих ғылымдарының кандидаты, археология және этнография музейінің меңгерушісі, Сарыарқа археология институты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан. https://orcid.org/0000-0003-3740-9179
  • Анна Калижанова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі (Қарағанды, Қазақстан). https://orcid.org/0000-0003-2337-2280

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.06

Түйінді сөздер:

медиа кеңістік, музей, археология, Орталық Қазақстан, білім беру, құндылықтар, білім, технологиялар

Аннотация

Мақалада археология музейлері мен білім беру саласында медиа технологияларды пайдалану тәжірбиесі қарастырылады. Жұмыс авторлары музейлар мен білім беруде медиа технологияларды пайдалану білімнің қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, жаңа аудиторияны тарта алатынын атап көрсетеді. Алайда, бұл тәсіл тиісті дайындық пен ұйымдастырусыз тиімсіз болуы мүмкін екенін де ескеру қажет: мақалада оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды. Зерттеуде Орталық Қазақстанның көне тарихы мен археологиясына қызығушылықтың артуына, оқыту мен білім беру сапасына әсер ететін факторлар анықталды. Мақалада көрсетілген нәтижелер университеттің 600-ден астам студенттерінің (194 жоғары оқу орнының студенті қазақ тілінде, 439 студент орыс тілінде) Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы туралы хабардар болу деңгейі бойынша сауалнамасына негізделген. Респонденттердің музей подкасттары мен интернетте жарияланған сюжеттер туралы пікірлерін талдау арқылы жасалған жиынтық бағалау археология музейінің мәдени-ағарту жұмысындағы және білім беру ісіндегі осы мазмұнның жоғары әлеуметтік-мәдени, мотивациялық және тәрбиелік әлеуеті туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Медиа технологиялардың арқасында «музей-студент» диалогы ұзақ мерзімді негізде жанданды, бұл археология музейіне экскурсиялар үшін қосымша ынталандыру болды.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Мақаланы жазу барысында мақала авторлары жүргізген социологиялық сауалнама материалдары пайдаланылды. Анонимді сұхбат респонденттердің еліміздің тарихи-мәдени мұрасына деген көзқарасын, Орталық Қазақстандағы археологтардың ашқан жаңалықтарынан хабардар болу дәрежесін және олардың музей қызметіндегі көрсетілімін ашатын он сұрақты қамтыды. Статистикалық әдістер осы сұхбаттардағы деректерді талдауға және оларды музейге медиа технологияларды енгізу кезінде пайдалануға мүмкіндік берді. Музей подкасттарының сценарийлерін құрастыру кезінде материалды таңдау үшін кешенді және жүйелі тәсіл, талдау-синтез әдісі және логика принциптері пайдаланылды. Жүз елуден астам ғылыми дереккөздерге егжей-тегжейлі тарихнамалық талдау жасау сапалы мазмұнның қалыптасуына ықпал етті. Салыстырмалы тарихи әдіс таңдалған тақырып бойынша Орталық Қазақстанның мәдени мұра нысандары туралы ақпаратты нақтылауға мүмкіндік берді. Цифрландыру құралы ретінде QR кодтарын пайдаланудың арқасында музей подкасттары оқу-әдістемелік құралдарға, карталарға, ашық хаттарға және басқа да кәдесыйларға біріктірілді, бұл музей жұмысындағы техникалық және гуманитарлық білімнің үйлесімі маңыздылығын көрсетеді. Музей қызметкерлерінің шетел тілдері факультетінің оқытушыларымен ынтымақтастығы мәдени-ағарту іс-шараларында пәнаралық әдістерді қолдануды кеңейтті.

Жарияланды

2024-03-29