ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР АЯСЫНДА МУЗЕЙ ЭКСПОЗИЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ

##article.authors##

  • Берік Байболов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы (161200, Түркістан қ-сы, Әйтеке би 1Б, Қазақстан), философия магистрі. https://orcid.org/0000-0001-5131-418X
  • Гүлмира Атабаева «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Экскурсия және насихат бөлімінің экскурсоводы (161200, Түркістан қ-сы, Әйтеке би 1Б, Қазақстан), өнертану ғылымдарының магистрі https://orcid.org/0009-0007-5772-6450

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.08

Түйінді сөздер:

музей, экспозиция, тақырыптық, жүйелік, ансамбльдік, ландшафттық, әдіс-тәсілдер, экспонат, ақпараттық технология

Аннотация

Музей экспозициясы экспонатты сақтау және насихаттау (көрсету) ұстанымын басшылыққа алады. Музейдің экспозициялық қызметі – бірнеше саланы қамтитын музейлік экспозиция және көрмені жобалау мен құрудың күрделі процесі болып табылатыны көпшілікке мәлім. Сондай-ақ, жалпы экспозицияны ұйымдастыру процесі көптеген саланың элементтерін – ғылыми, көркемдік, техникалық, құқықтық, сақтау, қаржы-экономикалық және эксплуатациялық жұмыстарды біріктіреді.

Мақалада шетелдік және отандық музей экспозициясын ұйымдастырудағы тәжірибелерді өз ара салыстыру арқылы музейлік келушілерді тарихқа деген қызығушылығын тудыратын көптеген тәсілдермен жолдары да сарапталады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда музей саласында орын алып жатқан өзгерістер мен жаңа идеялардың мазмұны сараланады. Атап айтқанда, бүгінгі күнгі музей экспозициясының құрылымы және тақырыптық көрмелердің құрылысына да ерекше көңіл бөлінген. Бұл тұрғыда авторлар отандық музей экспонаттарының тәжірибесін ғылыми тұрғыдан зерделеуге және музей кеңістігін ұйымдастырудың классикалық және заманауи инновациялық нысандарын өзектілендіруге назар аударады.

Қазақстандағы музей ісіндегі экспозицияны жобалау және ұйымдастыру мәселесінің зерттелу деңгейі айшықталады. Экспозция және көрме ұйымдастыру музейде тұрақты түрде жүргізілетін жұмыс түрі болып табылады. Осы тұрғыда, отандық экспозиция жобалаушыларының (экспозиционер) тәжірибесін ғылыми айналымға енгізу өзекті болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Жұмыс барысында сипаттау, жүйелеу, топтау, саралау, талдау, жинақтау әдістері қолданылды.

Мақаланы дайындау үшін музей саласы бойынша маманданған Т. Юренева, Л. Шляхтина, Э. Шулепова, Т. Поляков сияқты ғалымдардың еңбектері, музейлердің ресми сайтындағы мәліметтер мен БАҚ материалдары пайдаланылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29