КЕЛУШІЛЕР МЕН МУЗЕЙ КУРАТОРЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ: МУЗЕЙ КӨРМЕЛЕРІНДЕ СҰХБАТТЫҢ ОРНЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.09Түйінді сөздер:
музей, көрме, экспозиция, сұхбат, қарым-қатынас, қамқоршы, келушілер, зерттеуАннотация
Мақалада заманауи музейлердегі көрмелерге келушілер мен көрме кураторлары арасындағы қарым-қатынастардың, өзара сұхбаттасудың рөлі қарастырылады. Көрмелер – заманауи музейлердің өз көрермендеріне ұсынатын көпшілікке арналған және ең көрнекті шараларының бірі. Көрмесіз – музей, музей емес. Музей көрмелері бірегей көркем композициялармен, өнер туындылары мен тарихи жәдігерлермен таныстырады. Көрмелерді ұйымдастыру барлық музейлерге тән қызмет түрі. Онымен ғылыми зерттеулермен айналысатын кішігірім мекемелерден бастап, адамдарға кең ауқымды қызмет көрсететін ірі музейлер де айналысады.
Көрмелер – ұйымдастырушының ниеті мен көрерменнің әсерлері арасындағы музейлік байланысты қамтамасыз етеді. Әскери олжалар, табиғат әлемінің ерекше туындылары, тарихи жәдігерлер мен құрылымдық орта көрме ұйымдастырушының ниеті мен құндылықтары көрініс тапқан нысандар болуы мүмкін. Осы нысандарды анықтау және олардың мәнін ашу кейбір музей мамандары, сыншылар мен әлеуметтік теоретиктер үшін өте қызықты болып тұр. Көрме ұйымдастырушылардың ниеті көп жағдайда айқын емес, жұрт назарына түспейді, кейде бейсаналық.
Заманауи музейлер – әрі ғибадатхана, әрі форум іспетті. Тек нарыққа икемделу біздің салыстырмалы әлемімізге сәйкес келмейтін статикалық біркелкілікті тудырады. Білікті маман мен көрермен арасында музейлік байланысты орнату қиын болуы мүмкін, бірақ қызықты. Екі жақтың да мүдделері ескерілетін қарым-қатынас арқылы, біз білімнің таралу жолдарын түсінеміз және ең бастысы, ортақ мәселелеpді жақсырақ ұғамыз.
Зерттеу материалдары мен әдістері: музей көрмелері, отандық және шетелдік ғылыми басылымдардың материалдары. Зерттеу әдістеріне талдау, сұхбат, бақылау, келушілер пікірлері және көрме жазбалары кіреді. Музей аясындағы қарым-қатынастардың, көрмелердегі сұхбаттың рөлі мен маңызына, сондай-ақ көрменің әртүрлі аудиториялардың, қарапайым келушілер мен мақсатты топтардың алған әсерін зерттеу басты назарда.