МУЗЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІН САҚТАУДАҒЫ ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ (ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ МЫСАЛЫНДА)

##article.authors##

  • Айболат Хүрметбек Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының 2-курс докторанты (010000, Сатбаева 2, Астана қ-сы, Қазақстан), педагогика ғылымдарының https://orcid.org/0009-0003-6179-8247

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.10

Түйінді сөздер:

музей, қор, жинақтау, сақтау, есепке алу, коллекция, уақытша тіркеу, қорғау, тұмшалау

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қор сақтау қызметтері және оның күнтүзбелік жұмыс тәртібі, есептік құжаттарды рәсімдеу, түскен заттарға сараптамалық қорытынды жасау жайлы мәліметтер берілген. Музей қор жұмысына тұрақты сақтау, жинақтау, есепке алу бөлімдерінен тұрады. Қор жұмысының басты саясаты музей жинақтамасындағы Қазақстанның мәдени игілігін топтау, жүйелеу, қалыптастыру және сақтау болғандықтан музейдің маңызды қызметінің бөлігі болып табылады.

Музейлерде жәдігерлердің барлық жағдайларды ескере отырып сақтауға алынуы еліміздің, оның өзіне тән ерекшеліктерін, өзгеге ұқсамайтын болмысының болашақ ұрпаққа аман жеткізілуіне қажетті ең маңызды дүние екендігі анық. Өйткені кез-келген халықтың рухани болмысы оның материалдық дүниелерінде көрініс беріп отыратыны белгілі.

Елдің бай мәдени мұрасы мен көркемдік қазынасының басты сақтаушысы музейлер болып табылады. ҚР Ұлттық музейінің  қызметі және басты миссиясын жүзеге асыруға бағытталған, ол Қазақстан Республикасының құнды мұраларын сақтау және кеңінен насихаттау. Мақаланы орындауда оған музей ішіндегі мынадай қызметтер: коллекциялау, сақтау, ғылыми-зерттеу жұмысы, реставрация жұмыстары арқау болып отыр.. Сонымен қатар әлемдік музейлер кеңістігіндегі Ұлттық музейдің көне дәуірлердегі мәдени мұраларды сақтаудағы, мұраларды ақпараттандырудағы қыры ашып көрсетіледі.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу негізінде қолданылған материалдар – музейлік жәдігерлер. Мақалада музей қорын толықтырудағы  әдісінің бірі – «Музейге сый» акциясы болып табылады. Сондықтан зерттеу барысында тарихшылдық принципті қолдана отыра, зерттеу процесінде музей қорына түскен жәдігерлер тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелік әдістерді қолдану аясында, анықталды және сипатталды.

Жарияланды

2024-03-29